КМ 06 Локомотивтің тораптары мен бөлшектерін бақылау, құрастыру, реттеу, сынау
Мақсаты және міндеті Осы модуль білім алушыларға локомотивтердің электр жабдықтарын сипаттау, олардың тораптарының мақсатын, жұмыс шарттары мен принциптерін жүзеге асыруға техникалық құжаттамаға, монтаждық жұмыстардың, сынақтар мен пайдалануға тапсырудың негізгі тәсілдері мен әдістеріне түсінік береді. Аталған модуль білім алушыларға жылжымалы құрамдардың жөндеу технологиясын оларда қолдданылатын техника түрлерін қарастырады. Жылжымалы құрамның электр машиналары олардың тәжірибеде қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ету үшін қолданылуы туралы түсінік қалыптастырады.
Модульге кіріспе Осы модуль білім алушыларға локомотивтердің электр жабдықтарын жөндеуді орындау. жұмыстарды жүргізудің құрамы туралы түсінік береді.
Білім алушылар локомотивтердің электр машиналарында электротехниканың негізгі заңдарын, электр тізбектері мен магнит өрістерінің теорияларын қолданудың мақсатын білуі тиіс.
Электр машиналарын жобалау, сынау және пайдаланылуы бойынша практикалық міндеттерді шешу. Электр машиналарының қарапайым есептері мен сынақтарын орындау. Электр машинасы – механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше немесе параметрлері белгілі электр энергиясын басқа параметрлі электр энергиясына түрлендіретін машина. Ол токтың тегіне қарай тұрақты ток машинасы (мыс., тұрақты ток генераторы, тұрақты ток қозғалтқышы) және айнымалы ток машинасы (асинхронды генератор, асинхронды қозғалтқыш, синхронды генератор, синхронды электр қозғалтқышы, коллекторлы генератор, коллекторлы қозғалтқыш) болып, ал пайдалану мақсатына қарай генератор, қозғалтқыш, электр машиналық түрлендіргіш (мыс., қозғалтқыш генератор, бір зәкірлі түрлендіргіш, фаза түрлендіргіш, т.б.) электр машиналық күшейткіш болып ажыратылады. Электрлік машина электрстатикалық машина да жатқызылады. Электрлік автомобильдер дерлік үнсіз жүгірумен сипатталады, сондықтан Brembo өз өнімдерінің негізгі мәселесін - дәстүрлі тежегіштер шығарған қатты шуылдарды шешуі керек.
Электр машинасының әрекеті электрмагниттік құбылысын пайдалануға негізделген, механикалық энергияны электрге немесе электр энергиясын механикалыққа немесе электр энергиясын басқа түрдегі токтың электр энергиясына, басқа кернеуге, басқа жиілікке түрлендіруге арналған.
Механикалық энергияны электрге түрлендіретін электр машинасы генератор деп аталады. Барлық электрлік энергия электрстансыларда орнатылған айнымалы токтағы (синхронды) генераторлармен өндіріледі. Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру қозғалтқыштармен іске асырылады. Кез келген электрлік машинаны генератор негізінде және электрлік қозғалтқыш негізінде пайдалануға болады. Электрлік машиналардың түрлендіретін энергияның бағытын өзгерту қасиеті қайтымдылық деп аталады.