Білім беру бағдарламасы Мамандығы: 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу Біліктілігі: 3W07230102 Арнайы тігінші


Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері)



бет8/10
Дата14.12.2022
өлшемі211 Kb.
#57271
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
проф стандарт 07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (2)

Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірліктері)
Пішу сапасын тексеру, қолданылатын жабдықтың ақауларын жою;
Машиналарда немесе қолдан түрлі материалдардан бұйымдарды тігу операцияларын орындау
Жеке тапсырыстар бойынша, эталон үлгілер, табиғи, синтетикалық және аралас маталардан, тоқыма маталардан конструктивтік тұрғыдан әр түрлі, түрлі мақсаттағы киім бұйымдарының үлгілері бойынша киім тігу;
Тігілген бұйым, жартылай фабрикаттардың, бөлшек, түйіндердің сапасын тексеру;
Құзыреттеріне қойылатын талаптар;
Пішу сапасын тексеру кезінде шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет
Пішу сапасын тексеру
Пішу сапасына қойылатын талаптар
Технологиялық тігін жабдығын ретке келтіру мен сынау үшін өз бетінше жоспарлауды, жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет;
Заманауи технологиялық жабдық пен құрылғыны ретке келтіру;
Жабдық пен кіші механизация құралдарының және бағдарламалық жасақтамасы бар заманауи жабдықтың жұмыс істеу принциптері; Бұйымдарды дайындау режімдерін жасау кезіндегі шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін көздейтін, басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет; Жеке бөлшектер мен түйіндерді тігу
Тігу жолдарының, жөндеудің және ылғалды-жылы көрсетілген тігін бұйымдарын өңдеудің әдістері
Міндеттерді өз бетінше белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, бұйымды тігу нәтижесі үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет
Тұтас бұйымды тігу, жеке бөлшектер мен түйіндердің монтажын жасау
Тігін бұйымдарды өңдеу технологиямы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылатын машиналардың құрылысы
Міндеттерді өз бетінше белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, бұйымның сапасын тексеру нәтижесі үшін жауапкершілікті көздейтін басшылық етумен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет
Өңдеген бөлшектегі, түйіндегі, дайын бұйымдағы ақауларды тани білу
Бұйымды дайындау сапасына қойылатын талаптар, тиісті техникалық регламенттер

1. «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:


1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет