Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#9648
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 
«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАМАНДЫҒЫ: 1504000 – ФЕРМЕР ШАРУАШЫЛЫҒЫ
  (бейін бойынша)
Астана – 2016 

4
ДАЙЫНДАҒАНДАР:
Ян Бах - халықаралық сарапшы DREBERIS (Германия)
- Попова Наталья Васильевна- Қарағанды агро-техникалық колледжі, ар-
найы пәндер оқытушысы 
- Аханов Давлетназар Давлетбаевич – ауылшаруашылығы ғылымдары-
ның  кандидаты,  Қапланбек  аграрлық-техникалық  колледжі,  арнайы  пәндер 
оқытушысы
- Ятаев Марат Дуйсенханович – Құлан ауылшаруашылығы  колледжі, ар-
найы пәндер оқытушысы
- Есмуханов Бауыржан Рашевич – Солтүстік Қазақстан облысы, «Ақни-
ет» ЖШС директоры
Кәсіпқор»Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ҚАРАСТЫРДЫ,  КЕЛЕСІЛДІ  ЖӘНЕ  ҰСЫНЫЛДЫ  Қазақстан  Респу-
бликасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіби білімді 
дамыту  бойынша  республикалық  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында 
«_21__»_12_ 2016 жылдағы №_4_ хаттамасы
САРАПШЫЛАР
- Bildungsinstitut PSCHERER gGmbH (Германия)
- Қазақстанның Фермерлер Одағы «РҚБ»
- МКҚК «Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі білім Басқармасының»
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің (оқу-әдістемелік бірлестігі бейіні бой-
ынша «Ауыл шаруашылығы»)
ЕНГІЗІЛГЕН коммерциялық емес акционерлік қоғам «Холдинг «Кәсіпқор»
Осы білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым 
Министрлігінің рұқсатынсыз толықтай немесе ішінара көшірмесінің алынуы, 
таралымға жіберілуі және Қазақстан Республикасының аумағында ресми ба-
сылым түрінде таратылуы мүмкін емес.

5
Мазмұны
бет.
1 Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба
6
2  Қысқартылған сөздер мен белгілер
12
3 Мамандықтың функционалдық талдау 
13
4 Студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар  
14
5  Білім беру бағдарламасының құрылымы
17
6 Білім беру бағдарламасының (модульдерінің) мазмұны
22
7 Оқу процесінің жоспары
104
8 Оқу процесінің жоспарына түсіндірме жазба
114
9 Ұсынылған жабдықтардың тізбесі
118
10 Ұсынбалы әдебиеттердің тізімі 
145

6
1.  Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба  
Осы білім беру бағдарламасы Dreberis шетелдік серіктестің (Германия) қа-
тысуымен орта буын мамандарына және білікті жұмысшы кадрларына қойы-
латын халықаралық қазіргі заманғы талаптардың есебімен модульдік-компе-
тенттiлiк тәсілдің негізінде әзірленді.    
Бір қатар еуропалық елдерде пайдаланылатын кәсіптік оқытудың, техника-
лық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың білім беру бағдар-
ламаларының халықаралық тәжірибесі, құрылымы мен мазмұны:
- бір мамандық бойынша оқу жоспары мен білім беру бағдарламасының 
шеңберінде бірнеше құзыретті алуға бағдарланған; 
- құрылымы және мазмұны бойынша техникалық және арнаулы пәндердің 
және оқу-өндірістік жұмыс түрлерінің мазмұнын сипаттаумен дәстүрлі пән-
дік-циклдық әдістен  өзгешеленеді;
- жалпы кәсіптік және кәсіптік даярлау пәндері нақты біліктілік құзырет-
терге бағдарланған бірнеше модульдерге біріктірілді;
- кәсіптік қызметтің біліктілік құзыреттерінің белгілі түрлерін орындауға 
бағдарланған оқу модульдерін қалыптастыруды келешек талап етеді. 
Осы білім беру бағдарламасын әзірлеушілерімен еуропалық елдердің білім 
беру  бағдарламаларының,  халықаралық  оқыту  тұжырымдамасының  жоға-
рыда аталған ерекшеліктері бүкіл өмірі бойында есепке алынды, неге десең 
білім беру бағдарламаларының мазмұны бір жақтан, еңбек саласында өзгер-
мелі  ахуалға  бейімделуге  және  екінші  жақтан  -  кәсіптік  өсуді  және  білімді 
жалғастыруға қабілетті болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттерін қалып-
тастыруға бағытталды.   
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМББС, сон-
дай-ақ оған қоса берілген оқу жоспарлары модулінің құрылымына жалпы та-
лаптар және кәсіптік стандарттармен белгіленген біліктілігі деңгейлері бой-
ынша білімдерге, машықтарға, дағдылар мен құзыреттерге қойылатын талап-
тар  есепке алынды. 
Осы білім беру бағдарламасын әзірлеген кезде, модульдік-компетенттiлiк 
тәсілдің және орта буын жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау бойын-
ша модульдік оқытуды енгізу қажеттілігінің негізінде мына басты анықтама-
лар пайдаланылды:
модульдік оқу бағдарламасы – бір мамандықтың шеңберінде кәсіптік қы-
зметтің белгілі түрлерін орындау үшін, білімдерді, машықтар мен құзырет-
терді игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;
модуль  –  білім  беру  бағдарламасының  тәуелсіз,  толыққанды  және  толық 
бөлімі немесе оқыту кезеңі; 
жұмыс оқу бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының негізінде нақты 
пән, практикалар, жұмыс оқу жоспарының өзге де оқу қызметінің түрлері (мо-
дульдері) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымымен әзірленетін 
құжат; 
модульдік бірлік – бұл бұдан әрі бұның нәтижесі өнім, қызмет немесе жұ-
мыстың бөлігі (жұмыс операциясы) болатын және ол бөлінуі мүмкін болатын, 
еңбектің  басы  мен  аяғы  айқын  бар  белгілі  мамандықта  еңбекті  логикалық 
тұрғыда қолайлы бөлу – ХЕҰ анықтамасы (халықаралық еңбек ұйымы);
оқу модулі (модульдік оқу бірлігі) – келешек біліктіліктің білімдерін және 

7
нақты дағдылардың орындалуын қамтамасыз ететін бір оқу модулінің (пән-
нің) шеңберінде оқыту мазмұны бөлімдерінің (тақырыптарының) жиынтығы; 
біліктілік – алынған мамандығы бойынша қызметтің белгілі түрін құзырет-
ті орындауға даярлығы деңгейі;
оқу процесінің жоспары (оқу жоспары) - тиісті білім беру деңгейінде білім 
алушылардың оқу пәндерінің (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу 
қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және 
бақылау нысандарын регламенттейтін құжат; 
Құрылымын  таңдау  және  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұнын  ар-
наулы модульдер немесе жалпы кәсіптік пәндер бойынша және барлық оқу 
жұмысының  түрлері  бойынша  қалыптасу  тәртібі  модульдік-компетенттiлiк 
тәсілдің негізінде, әзірлеушілермен жүзеге асырылды. 
Оқытуды ұйымдастыруға модульдік тәсіл оқу орындарына оның шеңберін-
де білім алушы өз оқуын басқаратын және өзі басқаруы мүмкін, оқу процесін 
ұйымдастыру  барысында  қажетті  біліктілікті  алу  үшін,  білім  алушыларға 
кәсіптік модульді таңдау жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, ол оны өз 
оқуы үшін, ал келешекте – өз кәсіптік өсуі және мансабы үшін жауапкершілік 
алуға үйретеді. Сөйтіп, тұтынушы ретінде, білім алушы білімімен қанағатта-
натын болады, ол еңбек нарығындағы өзгерістерге орай әрекет етіп, оны өмір 
бойы жетілдіруіне болады.  
Мамандық бойынша осы білім беру бағдарламасында тиісті біліктіктілік 
деңгейлері,  кәсіптік  бейіндері,  оқу  жоспарлары,  білім  алушыларға  және 
кәсіптік оқытуды іске асыруға қойылатын талаптар туралы ақпарат бар. Қа-
зақстан Республикасының Ұлттық біліктілік шеңберінің 3, 4 және 5 біліктілік 
деңгейлерінің құзыреттеріне талаптар есепке алынды. 
  Осы  білім  беру  бағдарламасын  әзірлеу  кезінде  мына  құқықтық  және 
нормативтік құжаттар пайдаланылды:
1.  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Заңы 
 Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндет-
ті 
стандарты
. Жалпы ережелер.
 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекет-
тік жалпыға міндетті 
стандарты
 (ҚР Ү 13.05.2016 ж. № 292 Қаулысы)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 жел-
тоқсандағы №1118 Жарлығы)
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2012 - 2021 жылдарға арналған даму 
страте-
гиясы
 (ҚР Ү 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 Қаулысы)
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 
2019 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы
 (ҚР Президентінің 2010 
жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығы)
Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаты  
Қазақстанда  өңірлік  әртүрлілігі  бойынша,  солай  және  ауылшаруашылық 
кәсіпорындардың деңгейі бойынша ауылшаруашылық жұмыстардың ауқымы 
жеткілікті кең. Жеке алғанда фермалар өз мамандануымен, тік бірігу деңгейі 
және ұйымдастырушылық деңгейі бойынша, тұрақты жұмыскерлердің саны 
бойынша  өзгешеленеді. Жоғарыда ескерілген әр алуандық онда әр модуль 

8
(жеке  алғанда  технология  және  машина  жабдықтары  бойынша  модульдер) 
бойынша барлық өңірлерде міндетті, ал кейбіреулері – өңірлік талаптардан 
тәуелді факультативтік болып табылатын біліктіліктерде көрсетіледі.     
Ауылшаруашылық  кәсіпорындар  екпе  өсімдіктерді,  жемістерді,  көкөні-
стерді, жемшөпті өндіруде, сондай-ақ ірі қара малды өсіруде, шошқа шару-
ашылығында,  құс  шаруашылығында,  қой  шаруашылығында,  жылқы  шару-
ашылығында, сүт өндіруде және өзгелер де маманданады. 
Білім беру бағдарламасы «Фермер», «Фермер-менеджер» біліктілік маман-
дарын келешекте нақты салада онан әрман сараланған қосымша біліктіліктер-
мен  өндірістің белгілі салаларында мамандануын болжайды.    
ҰБШ 3  деңгейінде мал шаруашылығы бейіні бойынша «Фермер» мына 
біліктіліктерге ие болады: шошқа шаруашылығы, құс шаруашылығы, ірі қара 
малды  өсіру,  қой  шаруашылығы,  жылқы  жаруашылығы,  сүт  өндіру  және 
басқа. 
Өсімдік  шаруашылығы  бейіні  бойынша  -  екпе  өсімдіктерді,  көкөні-
стерді, жемістерді және басқаларды өсіру бойынша біліктіліктер. 
Сонымен қатар жұмыс істеу үшін, солай және бұдан әрі оқыған кезде, прак-
тикалық тәжірибесімен біліктілік алу. 
‒   «Машинамен сауу операторы», «Жылқы өсіруші», «Құс өсіруші», «Шо-
шқа  өсіруші»,  «Түйе  өсіруші»,  «Қойма  жұмысшысы»,  «Көкөніс  өсіруші», 
«Егінші»; «Бағбан»; «Қызылша өсіруші»,  «Жеміс-көкөніс өсірудің маманы», 
«Бухгалтер»,  «Ауылшаруашылық машиналар мен тракторларды баптаушы», 
«Электр  жабдықтарға  қызмет  көрсету  электромонтеры»,  «Слесарь-жөнде-
уші», «Ауылшаруашылық өндірістің тракторшы-машинисі»
  
- ҰБШ/СБШ 3 
деңгейі; 
‒  «Фермер»  - ҰБШ/СБШ 4 деңгейі;  
‒  «Фермер менеджер» - ҰБШ/СБШ 5 деңгейі. 
Білім беру бағдарламасы білікті жұмысшының сертифкатын берумен жұ-
мысшы мамандығы бойынша кадрларды дарлауды және колледжді аяқтау ту-
ралы орта буын мамандарды даярлауды, сондай-ақ  диплом берумен қолдан-
балы бакалаврды даярлауды көздейді. 
Білікті жұмысшы сертификатын алу үшін негізгі орта білім беру базасында 
оқыту мерзімі 1жыл 10 ай + орта буын маманының дипломын алу үшін 10 ай 
+ кіші инженердің  дипломын алу үшін 10 ай құрайды.  
Білікті жұмысшы сертификатын алу үшін жалпы орта білім беру базасында 
оқыту мерзімі 10 ай + орта буын маманының дипломын алу үшін 10 ай + қол-
данбалы бакалаврдың дипломын алу үшін 10 ай құрайды.  
Білім беру бағдарламасының мамандықтар бойынша құрылымында цикл-
дар бойынша модульдердің тізбесі бар: міндетті модульдер; базалық жалпы 
кәсіптік  модульдер;  кәсіптік  модульдер;  білім  беру  ұйымымен  белгіленетін 
модульдер және кәсіптік практиканың модулі.
Білім беру бағдарламасы:
‒  еңбек саласы мен кәсіптік білім беру саласының өзара әрекеттерін рет-
теуге; 
‒  материалды игерудің аудиторлық, солай және дербес бөлігін регламент-
теуге және оқытушыны таза ақпараттық функциялардан босатуға тартылды;
‒  оқу мақсаттары мен міндеттерінің толық тізбесін белгілеуге;
‒  модульді игеруді бастар алдында және аяқтау бойынша студенттердің 

9
дайындықтарына (құзыреттеріне) қойылатын талаптарды әзірлеуге;
‒  әр модульдің сипаттамасын (модульдік бірліктердің олардың қысқаша 
мазмұнымен  тізбесін,  дәрістердің  тезистерін,  семинарлық  және  зертхана-
лық-практикалық  сабақтардың  жоспарларын,  бақыланатын  өзіндік  жұмы-
стардың,  шығармашылық  тапсырмалардың  тақырыптарын,  тапсырмаларды 
орындау және тапсыру кестелерін) әзірлеуге;
‒  ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттаманы жасауға (оқытудың және 
оқудағы жетістіктерді бақылаудың негізгі нысандары мен әдістері, оқыту са-
ясаты);
‒  оқыту нәтижелерін бағалауға (оның ішінде бағалар жинау);
‒  даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламала-
рын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеуге арналды. 
Біліктіліктер бойынша құзыреттердің жалпы сипаттамасы  
Машинамен сауу операторы – әртүрлі типті стационарлық және қозғалма-
лы сауу алаңдары мен қондырғылардың, сүт құбырының, вакуум сорғылары-
ның, тоңазытқыш қондырғыларының, сүтті жинауға және сақтауға арналған 
танкілердің  құрылысын, оларды жұмысқа қосу ережелерін; жуу заттардың 
мөлшерін;  сауу  аппараттары  мен  қондырғыларды,  сүт  құбырын  жуу  және 
дезинфекциялау тәртібін; сауу қондырғыларында сауу технологиясын; тетік-
терді,  сауу  қондырғыларды  пайдалану    ережесін;  малдың  анатомиясы  мен 
физиологиясының негіздерін; желіннің құрылысын; сүттің пайда болу және 
сүт беру физиологиясын; туу жақындауының белгілерін және жаңа туған жа-
нуарды қабылдау ережесін; оларды ветеренариялық өңдеу ережесін, азықтан-
дыру,  бұзаулағаннан  кейін  алғашқы  кезеңде  малды  күту  ережесін;  жемдеу 
құндылығын, әртүрлі жемшөптермен азықтандыру нормалары мен ережесін; 
малдың өнімділігін арттыру амаладарын және сүтті негізгі өңдеу ережесін; 
өнеркәсіптік негізінде сүт өндірісінің технологиясын біледі.  
Жылқы өсіруші – жылқылар анатомиясының, физиологиясының, зоогигие-
насының негіздерін; суару, азықтандыру және жайылым ережелері мен норма-
ларын; малды ветеренариялық-санитариялық күту және алғашқы ветеренари-
ялық көмек көрсету ережесін; негізгі жемшөп түрлерін және олардың қорек-
тіклік құндылығын; мал суаратын автоматты құрылғының, көлік құрал-сай-
мандар мен әбзелінің құрылысын; ауырған және туған кезде алғашқы жәрдем 
көрсету  ережесін;  жыныстық  жетілу  мерзімін;  малдың  күйлеуі  белгілерін, 
қосу жүргізу, малды қолдан ұрықтандыру және тууға дайындау ережесін; жас 
төлді өсіру әдістерін білуге тиіс.
Құс өсіруші – құсты күту және ұстау ережесін; құстың ауруы белгілерін; 
құсты ұстау және өсіру жағдайларына қойылатын зооветеренариялық және 
санитариялық негізгі талаптарды; жұмыртқаны сұрыптау, таңбалау, салу және 
буып-түю ережесін;       зарарсыздандыратын ертіндінің құрамын  білуге тиіс.
Шошқа өсіруші – бойдақ және супорос аналықтарды, жөндеудегі төлдер 
мен  бордақыдағы  шошқаларды  күту  және  азықтандыру  ережесін,  техноло-
гиясы мен озық әдістерін; жемнің құрамы мен қоректіклігін, жем азық мөл-
шерідарының құрылымын; жеммен азықтандыру тәртібін; шошқаның ақуы-
зға, дәрумендер мен минералдық заттарға мұқтаждығын;     қызмет көрсететін 
мал басының өнімділігін арттыру жолдарын; малдың жыныстық жастық топ-
тарын ұстау жағдайларына қойылатын зоогигиеналық талаптар; анағұрлым 

10
кең тараған ауру түрлерін және ауырған малға алғашқы көмек көрсету әді-
стерін; аурудың алдын алу жөніндегі ветеренариялық-санитариялық іс-шара-
ларды;       сойылатын мал кондициясын, жыныстық жетілу мерзімдері мен 
белгілерін және шошқа өсіру техникасын; аналықтардың өнімділігін бағала-
уды; төлдің аз болуы, қысыр қалудың, аборттардың негізгі себептерін  және 
олармен күресу шараларын  білуге тиіс.
Түйе өсіруші– түйелерді бағу техникасын; зоветеренариялық іс-шаралар-
ды жүргізуді ұйымдастыруды, анатомия, физиология, зоогигиена негіздерін, 
түйелердің  негізгі  ауруларын,  алдын  алу  және  емдеу  шараларын;  жемнің, 
жайылымның  типтері  мен  сипаттамаларын  және  оларды  тиімді  пайдалану 
ережесін, түйелерді жаю, қосымша азықтандыру және бордақылау ережесін; 
түйелердің қоректік заттарға мұқтаждығын; бұғы өсіру және тұқымын асыл-
дандыру негіздерін; түйелерді сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу техно-
логиясын; қауіпсіздік техника, жеке гигиена, өндірістік санитария, өртке қар-
сы іс-шаралар ережелерін; түйе шаруашылығындағы озық тәжірибені білуге 
тиіс.  
Ауылшаруашылық  машиналар  мен  тракторларды  баптаушы  –  маши-
на-трактор  паркіне  қызмет  көрсеткен  кезде  қолданылатын,  қызмет  көр-
сетілетін тракторлардың, комбайндардың, ауылшаруашылық машиналар мен 
жабдықтардың құрылысын; машиналар мен жабдықтарды баптау тәсілдерін; 
ауылшарушылық машиналар мен тракторларды реттеу ережесін; қолданыла-
тын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, маңызы мен қолдану ереже-
сін; үшінші разрядты ауылшаруашылық машиналарды жөндеу бойынша сле-
сарь жұмыстарының көлемінде слесарь ісін білуге тиіс.
Слесарь-жөндеуші
 
– жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машина-
лардың  құрылысын;  машиналарды  реттеу  ережесін;  жабдықтарды,  агрегат-
тар  мен  машиналарды  жөндеу,  жинау  және  сынау  процессінде  ақауларды 
жою тәсілдерін; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, 
маңызы мен қолдану ережесін; әмбебап және арнаулы айлабұйымдардың кон-
струкцияларын;  күрделі емес әртүрлі бөлшектерді белгілеу және өңдеу тәсіл-
дерін;  шектер  мен  қондыру  жүйесін;      квалитеттерді  және  кедір-бұдырлық 
параметрлерін; қышқылға төзімді және басқа да қорытпалардың қасиеттерін; 
жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеудің негізгі қағидасын; жөнделетін 
жабдықтардың,  агрегаттар  мен  машиналардың  конструктивтік  ерекшелік-
тері; жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеуге, жинауға, сына-
уға және реттеуге және олардың қондырылуының дұрыстығына қойылатын 
техникалық  талаптар;  жабдықтарды  жөндеудің,  жинау  мен  монтаждаудың 
технологиялық процесін; жабдықтарды машиналардың статистикалық және 
динамикалық теңгеруіне сынау ережесін; күрделі белгілер болған кезде гео-
метриялық құрылысын; бөлшектердің ерте тозуын белгілеу тәсілдерін; тозған 
бөлшектерді қайта қалпына келтіру және беріктендіру және қорғау жабынды-
ны жағу тісілдерін  білуге тиіс.
Жеміс-көкөніс  өсірудің  маманы    агротехника  негіздерін  және  осы  ай-
мақта  өсірілетін  көкөніс  және  жеміс-жидек  дақылдарының  технологиясын  
(егу, отырғызу, егісті, екпелерді күту, астық жинау), ашық және жабық жерде 
жеміс-жидек дақылдар мен көкөністерді өсіру бойынша жұмыстарды орындау 
мерзімдері мен техникасын жеміс дақылдарын кесу техникасын, тәсілдерін, 
ағаштық ұшар басын қалыптастыруды, негізгі аудандастырылған сұрыптарды, 

11
олардың шаруашылық сипаттамаларын (шығымдылығын, пісу мерзімдерін, 
ауруларға қарсы тұрақтылығын ж.т.б.), тыңайтқыштардың түрлерін, оларды 
топыраққа енгізу тәсілдері мен мерзімдерін, осы аймақта өсірілетін ауылша-
руашылық  дақылдардың  ауру  түрлерін  және  зиянкестерін,  олармен  күресу 
тәсілдерін, улы химикаттардың түрлерін және оларды сақтау және пайдалану 
ережесін, көкөніс және жеміс-жидек өнімдерге қолданыстағы стандарттарды, 
жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін сұрыптау, буып-түю тасымалдау ереже-
сін, оны өңдеу тәсілдерін, дақылдарды өсірудің экономикалық тиімділігінің 
негіздерін, еңбекті қорғау өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ере-
желері мен нормаларын білуге тиіс.
Бухгалтер – мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялар-
дың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілікті жасау бойынша заңна-
малық актілерді, қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды, басшылық әдістемелік 
және  нормативтік  материалдарды,  кәсіпорындағы  бухгалтерлік  есептің  ны-
сандары мен әдістерін, жоспарды және шоттардың хат-хабарын,  бухгалтерлік 
есептің учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды, құжаттама-
лық рәсімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тау-
ар-материал құндылықтар мен ақшалай қаражаттың қозғалысымен байланы-
сты операцияларды көрсету тәртібін, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық 
қызметін экономикалық талдау әдістерін, есептеу техникасын пайдалану ере-
жесін,  экономиканы, еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды, нарықтық ша-
руашылық ету әдістерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау ережесі мен 
нормаларын білуге тиіс.  
Фермер  –  нарықтық  сападағы  өсімдік  шаруашылығы  және  мал  шару-
ашылығы өнімдерін өндіреді, даярлайды, сақтайды, қорғайды және оларды 
сатады. Бұл жұмыс үшін, олар пайдаланылатын, оларға қызмет көрсетілетін 
және жөнделетін ауылшаруашылық жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сай-
мандар  мен  жабдықтар,  ауылшарушылық  құрылыстар  пайдаланылады.  Құ-
жаттама жүргізумен, жоспарлаумен және маркетингпен байланысты, тапсы-
рмаларды орындайды және іскерлік рәсімдерді жүргізуде қолдау көрсетеді. 
Олар жалпы стандарттық пайдалану, жеке алғанда жол жүру, қауіпсіздік, ги-
гиена, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау ережелерімен байланысты 
рәсімдерді сақтайды.  
Фермер  менеджер  –  ауылшаруашылық  өндіріс  жұмысының  ұйымдасты-
рушылық және басқарушылық аспектілері үшін толық жауапкершілікті көте-
реді. Агроөнеркәсіптік кешенді және шаруа (ферма) қожалықтарды дамыту 
мәселелері жөніндегі басқарушылық, нормативтік және әдістемелік матери-
алдарды, ауылшаруашылық өнімді өндіру, сақтау және қайта өңдеу техноло-
гиясын,  өнімнің сапасын бағалау әдістерін, ауыл шаруашылық экономикасы-
ның негіздерін, жоспарлау тәртібін, есепті, есептілікті, табыстарды, пайданы 
бөлуді, салық салуды, ауылшаруашылық өндіріс пен ферма шаруашылықтар-
дың техникалық жарақтандырылуының келешегі мен бағыттарын,  техника-
ны пайдалану ережесін, жер және еңбек заңнамасының негіздерін, қоршаған 
ортаны қорғау заңнамасын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережесі мен 
нормаларын білуге тиіс.  

12
2.  Қысқартылған сөздер мен белгілер
1.  ММ – міндетті модульдер
2.  ЖББП – жалпы білім беретін пәндер;
3.  ЖГМ – жалпы гуманитарлық модульдер;
4.  ЭМ –экономикалық модульдер;
5.  БЖКМ – базалық жалпы кәсіптік модульдер;
6.  КМ – кәсіптік модульдер;
7.  ББҰБМ – білім беру ұйымымен белгіленетін модульдер;
8.  ӨО – өндірістік оқыту;
9.  КП – кәсіптік практика;
10. АА – аралық аттестаттау;
11. КДДБББ  –  кәсіптік  дайындықтың  деңгейін  бағалау  және  біліктілікті 
беру;
12. ҚА – қорытынды аттестаттау;
13. ДЖ – дипломдық жобалау;
14. К – консультациялар;
15. Ф – факультативтік сабақтар;

13
3.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет