Модуль 11. Көмірсутектерді технологиялық өңдеу – молекулалық сүзгімен өңдеу
Оқудың нәтижесі: Қажетсіз компоненттерді жою мақсатында көмірсутектер ағынын өңдеуде молекулалық сүзгіні қолдану және сүзгіні жасау.
Модуль тапсырмалары: 11.1 Көмірсутек ағынындағы ерекше компоненттерді таңдаулы түрде жою үшін молекулалық сүзгіні қолдану әдістері.
Стандарттық молекулалық сүзгілерде қолданылатын элементтер.
11.3Стандарттық молекулалық сүзгілердің кемшіліктері мен артықшылықтарын салыстырып, түсіндіру.
11.4 Молекулалық сүзгімен жұмыс істеу кезеңдерін баяндау.
Модуль 12. Дегидрация – анықтамасы, сынақ өткізу
Оқудың нәтижесі: Сусыздандыру қондырғысын сипаттайтын терминдер. Осы қондырғыларда өткізілетін сынақтарды баяндау.
Модуль тапсырмалары: Табиғи газдағы судың пайда болуы және сусыздандырудың қажеттілігі.
Заводтар мен кен орындарында газды сусыздандыру амалдары.
Газды дұрыс сусыздандырмағанда пайда болатын мәселелер.
Газды сусыздандырудың пәрменділігін анықтау үшін жасалып жатқан әр түрлі сынақтар.
Модуль 13. Дегидрация – химиялық заттар, сұйық жұтқыштар
Оқудың нәтижесі: Газбен қамтамасыз ету жүйесі ағынында артық су әсерінен істен шығатын қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын химикаттар мен сұйық жұтқыштар жайлы айту.
Модуль тапсырмалары: Газ ағынында ылғал шамасын басқару немесе азайту үшін қолданылатын әрекеттер.
Газ ағынынан әр түрлі сұйық жұтқыштарды қолдану арқылы су шамасын азайту тәсілін баяндау.
Гликольдік жұтқыш жүйенің блок-сызбасын қолдана отырып, газдық және сұйықтық жұтқыштарды газ ағынынан бақылау.