Оқытудың нәтижесі: Жабдықтар мен материалдардың қозғалысымен ерекшеленетiн статикалық электрлену туралы әңгiмелеу.
Модуль тапсырмалары: 11.1 Статистикалық электрдi өндiру процесiн сипаттау.
11.2 Статистикалық электрден төнетін қауiп-қатерді санап шығу.
11.3 Өртке қауiптi сұйықтарды тасымалдау кезіндегі статистикалық электрдi бақылау әдiстерiн сипаттау.
11. Құбырлар бойынша қою ерiтiндiлердi тасымалдау кезінде статистикалық электрдi азайтудың әдiстерiн сипаттау.
11.5 Белбеулер және вальцтердегi статистикалық электрдi азайтудың әдiстерiн сипаттау.
11.6 Резервуарлар мен цистерналарды бумен тазалау кезіндегі қолданылатын сақтық шаралары мен статистикалық электрлену әсерінен болатын өрттер мен жарылыстардан, қайғылы жағдайлардан қорғану іс-шараларын атау.
Модуль 12. Құлаулардан қорғанумен танысу Оқытудың нәтижесі: Өндiрiстiк жұмыс орындарында көп тараған қайғылы жайдайларға әкелетін құлаулардан қорғану үшiн қолданылатын жабдықтарды сипаттау және ұсыныс беру.
Модуль тапсырмалары: 12.1 Құлаудан қорғануға жататын ұғымдарға анықтама беру.
12.2 Құлаудан қорғануға қатысты қолданыстағы заң туралы әңгiмелеу.
12.3 Құлаудан қорғайтын әр түрлi жүйелерді сипаттау. Құлаудан қорғану құралдарын таңдау, қолдану және күту туралы әңгiмелеу.