Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтық көзқарастарымен зор ықпал ете алады.
Қорыта айтқанда, адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.
Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қай құндылықтар қажет деген заңды сұрақ туындайды.
Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді. Сократ бұл мәселені өз философиясының негізі етіп алды және оны игілік тұрғысында қарастырды.
Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді. Сократ бұл мәселені өз философиясының негізі етіп алды және оны игілік тұрғысында қарастырды.
Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мазмұнына мақсатты түрді енгізу мәселесі ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жолға қойылды (И.Я. Лернер, В. Оконь, Л.Я. Зорина және т.б.).
Құндылықтарға бағытталған материалдарды білім берудің базалық мазмұнына енгізу мәселесі рухани-адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр.
Сондықтан да қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану, онда назардан тыс қалған құндылықтық әлеуетті жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.
Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек.
Тұлға бойына міндетті түрде қажет және оның құндылықтар жүйесінің өзегі болатын, ешқашан өзгермейтін негізгі құндылықтар жүйесінің жиынтығы туралы сөз қозғау керек.
Сондықтан да рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейімен, жан-жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек.
(Р. Маранц, А. Джумсаи, Ш.А. Амонашвили, Д.М. Маллаев, К.Т. Султанов, С.А. Назарбаева).
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.