Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объектінің (құбылыс, процес) қасиеттерінің сандық сипаттамасы, олардың жиынтығы зерттеу объектісінің тікелей бақылап, өлшей алмайтын сапалық сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Статистикалық индикатор – тікелей бақылауға және өлшеуге мүмкін болмайтын объектінің сапалық жай-күйін көрсететін зерттелетін объекттің (құбылыстың, процестің) жекелеген қасиеттерінің сандық сипаттамасы.
Мониторинг субъектілері – мониторингіні жүзеге асырушы. Мониторинг жүйесінде ұйым, құрылымдар және жеке адамдар мониторинг субъектісі болып табылады.
Басқарушылық шешім – нақты басқару жағдайын сипаттайтын сенімді деректерді талдау негізінде анықталған басқару объектісіне мақсатты түрде әсер ететін директивті акті.