Білім беру бағдарламасының паспорты (әрі қарай - ББ)
1.
Білім беру бағдарламасының коды және атауы
: «7М014 Кәсіптік оқыту»
2.
Білім беру саласының, даярлау бағыттарының коды және классификаторы
: 7М01 – Педагогикалық ғылымдар, «7М014 –
Кәсіптік оқыту»
3. Білім беру бағдарламаларының тобы: М008
4. Кредит кӛлемі: 120 академиялық кредит саны
5. Оқу түрі: күндізгі
6. Оқу тілі: қазақ, орыс
7. Берілетін дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
8. Білім беру бағдарламасының түрі: қолданыстағы ББ
9. БХСЖ бойынша деңгейі: 7 деңгей
10.ҰБШ бойынша деңгей: 7 деңгей
11.СБШ бойынша днңгей: 7 деңгей
12. ББ ерекшеліктері -
Серіктес ЖОО (ПКҚ)-
Серіктес ЖОО(КДОП)
-
13. Кадрларды даярлау бағытына арналған лицензияға қосымшаның нӛмірі:KZ83LAA00018495 (16).
14. Аккредиттеу органының атауы және ББ аккредиттеудің қолданылу мерзімі: сертификат SA-А №0156/5 агентство НКАОКО от
27.05.2019. 24.05.2024 жылға дейін жарамды.
15. ББ мақсаты: жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінде педагогикалық, оқу-ӛндірістік және
ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті жеке және кәсіби құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті педагогика
ғылымдарының магистрлерін даярлау, сондай-ақ ғылыми қағидаттар негізінде білімнің, ӛндірістің және қоғамның тез ӛзгеретін
қажеттіліктеріне бейімделу.
16.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
:
а)
Бітіруші лауазымдарының тізбесі: бітірушілер келесі мамандықтар бойынша кәсіби құзыреттілікке ие бола алады: "техникалық
және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру жүйесінде арнайы пәндер педагогы (ӛндіріс салалары бойынша), ӛндірістік оқыту шебері,
қосымша білім беру педагогы (Жұмыс кәсіптерінің топтарын даярлау және қайта даярлау)", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің басқарма тӛрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітілген кәсіби стандарттарға сәйкес "Атамекен" ҚР кәсіпкерлер
палатасы 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133
б) түлектің кәсіби қызметінің саласы мен объектілері:
- жоғары оқу орындары;
- педагогикалық колледждер;
- қосымша білім беру жүйесі (ЖОО-да және педагогикалық колледждерде оқытушы; педагогикалық ғылыми мекемелердің
қызметкері)
5
в) түлектің кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру (оқу-тәрбие, педагогикалық);
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- ӛндірістік-басқарушылық;
- жобалық;
- мәдени-ағартушылық.
г) түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
- педагогикалық: білім алушылардың лингвистикалық қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, ӛз бетінше білім алуға, оқу
сабақтарын құрастыруға үйретеді, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде АКТ және т. б. пайдаланады; білім алушыларды
әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады, педагогикалық әдепті, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтайды, білім алушылардың
тұлғасына құрмет кӛрсетеді, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, тәрбие процесін құрады және т.
- зерттеу: білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді, білім алушылардың жеке
ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін пайдаланады;
- әлеуметтік-коммуникативтік: кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен ӛзара іс-қимылды жүзеге
асырады, білім берудің стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларды іске асырады және т. б.
- әдістемелік: білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ӛз біліктілігін арттыруды жоспарлайды, әдістер мен
тәсілдерді айқындайды, оқу материалдарын сабақтың қойылған мақсаттарына сәйкес әзірлейді және т. б.
|