«Сұраққа жетіп ал» әдісі- баланың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Тиімділігі: өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. Қолданылуы: Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, балалардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою (сұрақтарды мәтін бойынша оқушылардың өздері немесе мұғалімнің қоюына болады).
«Галереяны шарлау» әдісі- танысу әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігін дамыту. Тиімділігі: Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасау; Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстыра білу; Ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін білу; Мәтін бойынша белгілеп алу, сұрақ қою, тұжырымдау; Өз жғмысын сыныптастарымен талқылау, жұмысқа терең сараптама жасау өз білімін, түсінігін кеңейту; Танысу әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігін дамыту. Қолданылуы: Қабырға газеті. Кез келген тақырыптан соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады. Жанр таңдап (өлең, құттықтау, өтініш жарлық , әңгіме, мақала т.б) өз әсерлерін, пікірлерін,тақырыпты қалай түсінгендерін сипаттайды, өз сезімдерін білдіреді, оқығандары бойынша ассоциация жасап, оны кескіндерге жазады.Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен, топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды, және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
«Биопоэма» әдісі-материалдың жан-жақтылы зертеу, саралау, салыстыру. Тиімділігі: топтағы таныстықты арттыру, өз ортасындағы ұқсастықты табу, ізденімпаздыққа жетелейді. Қолданылуы: Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырылады.