Анықтама сөздері: экономикалық игіліктердің пайда болуы; қолданбалы еңбек құралдарын пайдалану; жинақталудың басым болуы; тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік; табиғат игіліктерін пайдалану; тұтыну кепілдіктерінің болмауы; жасанды еңбек құралдарының жиынтығының пайда болуы; өндірістің басым болуы.
2. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.2- кестесін толтырыңыз
Тауарлы шаруашылық
Жай
Күрделі
1.
1.
2.
2.
3.
3.
4.
4.
5.
5.
6.
6.
7.
7.
Анықтама сөздері: жайдан кейін жүреді, негізінде жалданбалы еңбек жатыр; табыстың негізгі формасы, өнімді сатудан алынған табыс; өндірістің ірі масштабы; натуралдыдан кейін болады; еңбек жеке меншігі мен басқару интеграциясы; жай еңбек құралдары; табыс еңбек ақы, пайда, процент; өндірістің ұсақ масштабы; күрделі еңбек құралдары; жеке меншік, еңбек және басқару қызметінің бөлінуі; негізінде жеке еңбек жатыр; өндіріс құралдары кәсіпкерге тиесілі; өндіріс құралдары өндірушіге тиесілді.
3. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.3-сызбасын толтырыңыз
ТАУАР
?
Нақты еңбек
?
Құн
?
?
Анықтама сөздері: жеке жұмыс уақыты, абстракталы еңбек, тұтыну құны, қоғамдық-қажетті еңбек уақыты.
СДЖ арналған тапсырмалар
1. Натуралды шаруашылықта не тұрақты тапшылықта болады?
А) тауарлар мен қызметтер;
В) табиғи ресурстар;
С) ақша;
Д) уақыт;
Е) интеллектуалды тауарлар.
2. Натуралды шаруашылық дегеніміз:
А) сатуға арналған өнім;
В) өндірісті кеңейту;
С) қоғамдық еңбек бөлінісі;
Д) әмбебап өндірістік еңбек;
Е) тікелей (қолма-қол) байланыс.
3. Құн заңының мәні:
А) қазіргі нарықтық шаруашылықтың апат мінездерін реттейтін, заң;
В) айырбас құны бойынша жүзеге асатын, заң;
С) тауар айырбастары олардың құнының өсуімен көтерілетін және олардың айырбас құндарының түсу кезінде төмендейтін, заң;
Д) тауар құнының шамасы кеткен шығындардың сомаларына тең;
Е)тауарлардың импорт және экспорт құндарының арасындағы ара қатынастар өзгермейді.
4. Ақшаның қызмет қатынастарына не жатпайды?
А) қор жинау құралы;
В) құн өлшемі;
С) айырбас құралы;
Д) тартымдылық құралы;
Е) төлем құралы.
5. Келтірілген қызметтердің қайсысын алтын ақша ғана атқара алады?
А) құн өлшемі;
В) төлем құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) айналым құралы;
Е) асыл қазына жинау құралы.
6.Бартер ақшаның қай қызметін атқарады?
А) қор жинау құралы;
В) айналым құралы;
С) дүниежүзілік ақша;
Д) құн өлшемі;
Е) төлем құралы.
7. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?
А) құн өлшемі;
В) қор жинау құралы;
С) әлемдік ақша;
Д) төлем құралы;
Е) айналым құралы.
8. Ақша бірлігін үлкейту, белгілі бір пропорция жолымен ескі ақшаларды жаңа ақшаларға айырбастау:
А) дефляция;
В) деноминация;
С) девальвация;
Д) ревальвация;
Е) нуллификация.
9. Ақша экономикалық категория ретінде-бұл:
А) жалпылама эквивалент қызметін атқаратын товар;
В) басқа товарға қарай құнын анықтайтын товар;
С) алтынмен құнын анықтайтын товар;
Д) алтын және күміс;
Е) товар айырбасына қызмет атқаратын құрал.
10. Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді?
А) 1990ж;
В) 1992ж;
С) 1993ж;
Д) 1995ж;
Е) 1994ж;