6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.3.1.6 картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси процестерді түсіндіру
тапсырма:
Моңғол атты садақшылары. Рашид ад-Диннің Жамиғат ат-тауарих еңбегіндегі иллюстрация
Тапсырманы бағалау критерийлері:
оқу мақсатымен сәйкестігі
визуалды дереккөзбен жұмысқа бағытталуы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
Жұптық жұмыс 5-тапсырма: Қазақстан тарихынан «XIII-XVғ.басындағы Қазақстан» бөлімшесі және дүниежүзі тарихынан «Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті?» тақырыбы аясында тақырыпты таңдаңыз және осы тақырып негізінде:
- тарихи дереккөздерді зерттеу және талдау арқылы тақырыпты аналитикалық зерделеуге бағытталған тапсырма әзірлеңіз.
- сабақ тақырыбы бойынша сыни талдау үшін тарихи дереккөзге зерттеу сұрағын құрастырыңыз.
- оқу мақсатына сәйкес тақырып бойынша фактологиялық материал ұсыныңыз.
Тапсырманы бағалау критерийлері: ● тапсырма оқу мақсатына сәйкес
тапсырма тарихи дереккөзді зерделеу және талдау арқылы тақырыпты түсінуге бағытталған (себеп-салдарлық байланыстарды талдау, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдау, өзгерістер мен сабақтастықты талдау, тарихи оқиғалардың, құбылыстардың немесе процестердің маңыздылығын мәтін/сурет көзі негізінде талдау).
● тарихи дереккөздің мазмұны сол дереккөзге қойылған зерттеу сұрағына жауап беруге мүмкіндік береді және тақырыптың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді
● ұсынылған фактологиялық материал тақырыптың мазмұнын ашады
(ҮМ 5.1 Тарихи деректерді көп деңгейлі талдау)