Байланысты: N -казСиллабус-2ОМ-ОБЩАЯ ПФ-2022-23 (2)
Балл
Клиникалық-лабораториялық тапсырмаларды бағалау критерийлері
25
Гипоксияның түрі / қышқыл-негіздік тепе-теңдік (ҚНЖ) бұзылуының типтік түрі жіктеу критерийлерін ескере отырып, дұрыс анықталған. Көрсеткіштерді интерпретациялау дұрыс жүргізілген. Қорытынды негізделген, гипоксия және ҚНЖ бұзылыстары дамуының патогенездік негізі көрсетілген. Жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы логикалық сауатты және ұқыпты, теориялық материалды терең түсінгенін көрсете білген.
20
Гипоксияның түрі / қышқыл-негіздік жағдай (ҚНЖ) бұзылысының типтік түрі жіктеу критерийлерін ескере отырып, дұрыс анықталған, Гипоксия/ҚНЖ бұзылыстары дамуының патогенездік негізі көрсетуде 1-2 елеусіз қателіктер жіберген. Қанның газдық құрамы мен ҚНЖ көрсеткіштерін интерпретациялауының 3/4 артық параметрлері дұрыс жүргізілген. Қорытынды негізделген, бірақ есеп бойынша жалпы қорытындыларға әсер етпейтін елеусіз қателер жіберілген. Жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы логикалық сауатты.
15
Гипоксияның түрі / қышқыл-негіздік жағдай (ҚНЖ) бұзылуының типтік түрі дұрыс анықталған. Жіктеу критерийлері толық ескерілмеген. Қорытындыны беткейлік негіздеген, 2-3 қателіктер жіберген. Жауаптардың құрылымы анық емес, бірізділік жоқ, жағдайды терең талдамаған. Зерттеудің клиникалық-зертханалық әдістерінің 1/2 параметрлері дұрыс талданған.
10
Гипоксияның түрі / ҚНЖ бұзылуының типтік түрі дұрыс анықталмаған, жіктеу критерийлерін көрсетпеген, қорытынды негізделмеген. Жауаптардың құрылымы нашар. Медициналық терминдер мен негізгі тақырыптық ережелердің көбісі дұрыс түсіндірілмеген. Зерттеудің клиникалық-зертханалық әдістерінің 1/3 кем параметрлері дұрыс талданған.
5
Гипоксияның түрі / ҚНЖ бұзылуының типтік түрі дұрыс анықталмаған, жіктеу критерийлерін көрсетпеген, қорытынды негізделмеген немесе мүлдем жоқ. Жауаптардың құрылымында бірізділік жоқ. Медициналық терминдердің басым көпшілігі дұрыс қолданылмаған. Қанның газдық құрамы мен ҚНЖ көрсеткіштерін дұрыс талдамаған немесе жоқ.
0
Есеп дұрыс орындалмаған, қорытынды жоқ, барлық көрсеткіштердің интерпретациясы жоқ немесе дұрыс жазылмаған. Теориялық сұраққта дұрыс жауап жазылмаған.