Әдебиеттер: Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
№23-24 практикалық сабақ тақырыбы:Лексикалану. Этимология. Лексикография
Сабақ жоспары: 1. Лексикалану құбылысы
2. Этимология және оның принциптері. Ғылыми этимология. Қызықты этимология. Халықтық этимология.
Бақылау сұрақтары: 1. Лексикалану дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2. Этимология дегеніміз не?
3. Лексикография және оның салалары
4. Сөздік және оның түрлері
5. Лексикография дегеніміз не?
6. Теориялық лексикография дегеніміз не?
7. Тәжірибелік лексикография дегеніміз не?
8. Сөздік дегеніміз не?
9. Сөздіктердің мақсат-міндеті не?
10. Сөздіктердегі сөздерге сипаттама қандай бағытта беріледі?
11. Сөздіктер сипатталу мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
12. Сөздіктер сипатталу мақсатына қарай қалай бөлінеді?
13. Сөздіктер неге, кімге арналғандықтарына қарай қалай бөлінеді?
14. Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай сөздіктер қалай бөлінеді?
15. Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай сөздіктер қалай бөлінеді?
Глоссарий: Лексикалану – белгілі бір тілдік бірліктердің дербес мағынада жұмсала келіп, жеке атауыш сөзге айналуы.
Этимология – тіл білімінің сөздер мен сөздік тұлғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін саласы.
Лексикография – сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірбесі.
Теориялық лексикография – сөздіктердің типтерін, жасалу ұстанымдарын, құрылымын анықтайды; әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді.
Тәжірибелік лексикография – негізінен сөздіктер жасаумен, сөздерді тілдік тұрғыдан сипаттаумен және оларды нормаға түсірумен шұғылданады.
Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің немесе сөздер тобының жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал.