11.2. Тақырыбы: 12 жылдық білім беру методологиясы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
ХХІ ғасырдағы білім беру және қоғамның жаңа парадигмалары.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, стандарттары.
Білім берудің мазмұндық және процессуалдық жақтарын жаңарту бағыттары.
Жалпы білім беретін мектептің білім беру мазмұны.
Дәріс тезисі
Жан-жақта әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту.Қазқстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси міріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралау мынадай міндеттер жүктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және з әрекетінің субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие процесі субьектілерінің арасындағы пайдалы диалогты «тең дәрежеде» жүргізуге негізделген ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесінің млшерін реттеу, тұрақтандыру
Әдебиеттер
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім.
С.А.Мұсаева., Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.Астана, 2009.
В.Н.Дружинина. Психология.Санкт-Петербург, 2010.
12 жылдық мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ереже.
Астана, 2009
Қосымша әдебиеттер
12 жылдық білім. // №2-№8,, 2016.Астана.
А.Кенжеғұлова 12 жылдық білім беру жүйесінің педагогикалық психологиялық
негіздері Ақтөбе, 2009
Өткізу форматы: Тақырып бойынша диалог, интерактивті дискуссия формасында дәрісті ауызша дамыту.Тақырып бойынша мәселелерді талқылау SMART-мақсат, СТО әдісі арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |