Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01102 Психология Пән циклы атауы және коды



бет4/34
Дата26.01.2022
өлшемі131,51 Kb.
#24351
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
8. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

8.1 Дәрістер

1. Дәріс: «Нейрофизиология негіздері және жүйке жүйесінің әрекеті» пәніне кіріспе.

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.

2. Жұлын және бас миының бөлімдері.

3. Жоғары жүйке әрекеті (ЖЖӘ).



Дәріс тезисі

Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері. Жүйке жүйесінің негізгі кұрлыс-функционалдық бірлігі - нерв клеткасы немесе нейрон болып табылады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректеңдіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Басқа тірі клеткалар тәрізді нейронның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы-денесінің көптеген өсінділерден тұрады. Нейронның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) бар. Қауіпті жағдайларда РНҚ-ның мөлшері азаяды да, нейронның тірлігі жойылады. Нейронын функционалдық құрылысы (структурасы):



  1. Сома (нейроның денесі)- коректендіру қызметі;

  2. Денесі және дендриттері - информация қабылдау;

  3. Аксонды төмпекше – электроимпульс қоздыру;

  4. Басқа нейронға не болмаса эффекторға қозу жүрегізетін жол – аксон;

  5. Басқа клетколарға информация берілетің жер – синапстар.

Нейронның денесін - сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, ұш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері - нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын - аксон (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын дендрит деп атайды (грекше дендрон - ағаш). Аксонның сыртын қоршаған миелин қабығы бар. Миелин - ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандау болып келеді. Бұл - нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен-саранында ғана екі аксон кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет