Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 7М01102 Психология Пән циклы атауы және коды



бет8/34
Дата26.01.2022
өлшемі131,51 Kb.
#24351
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Бекіту сұрақтары:

1.Ми қыртысының екінші қабаты

А) Зоналық құрылым

В) Сыртқы дәнді қабат

С) Ганглионарлы

Д) Пирамидалық жасушалар

Е) Ішкі дәнді қабат



2.Ми қыртысының үшінші қабаты

А) Зоналық құрылым

В) Сыртқы дәнді қабат

С) Ганглионарлы

Д) Пирамидалық жасушалар

Е) Ішкі дәнді қабат



3.Ми қыртысының төртінші қабаты

А) Зоналық құрылым

В) Сыртқы дәнді қабат

С) Ганглионарлы

Д) Пирамидалық жасушалар

Е) Ішкі дәнді қабат



4.Ми қыртысының бесінші қабаты

А) Зоналық құрылым

В) Сыртқы дәнді қабат

С) Ганглионарлы

Д) Пирамидалық жасушалар

Е) Ішкі дәнді қабат



5.Ми қыртысының алтыншы қабаты

А) Зоналық құрылым

В) Сыртқы дәнді қабат

С) Ганглионарлы

Д) Пирамидалық жасушалар

Е) Мультиформдық қабат



Әдебиет

  1. Ахметова, Н. Ш. Анатомия, физиология, патология органов слуха, речи, зрения [Электронный ресурс] : учебное пособие / Н. Ш. Ахметова. - [Б. м. : б. и.], 2020. - эл. опт.диск (CD-ROM). - .

  2. УМКД. Онтогенез речевой деятельности. Каримова А. Т..Басылымдар: Актобе 2018 г.

  3. Логопедия . Өмірбекова Қ.Қ.т.б. Басылымдар: Алматы 2011 г.

  4. Шестакова, Е. В. Методика обучения языку детей с ОВ для специальности 5В010500 – Дефектология [Электронный ресурс] : учебно-методический комплекс / Е. В. Шестакова. - Электрон.текстовые дан. - Актобе : АГПИ, 2012.

5 Дәріс: Анализаторлар және ағзаның бейімделу әрекеттері.

Сағат саны: 3

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:


  1. Жоғарғы жүйке іс –әрекеті.

  2. Талдағыштар туралы түсінік.

  3. Жүйке үрдістерінің қозуы мен тежелуі.

  4. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері.

Дәріс тезисі

Сыртқы және ішкі ортаның әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін И.П.Павлов анализаторлар деп атаған.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральді (ішкі мүшелерге байланысты сезім).

Барлық анализаторлар үш бөлімнен тұрады:

1) перифериялық, немесе рецепторлық, немесе сезгіш бөлім,

2) өткізгіш бөлім,

3) орталық, немесе қыртыс, немесе сезім орталықтары.

Рецепторлық бөлім сезім мүшелерінде, немесе ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштердің әсерін қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш, немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).

Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып ми қыртыстарына таситын сезгіш нервтерден тұрады.

Қыртыс бөлімі ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтарынан тұрады. Мысалы, көру талдағышының сезгіш рецепторларына көзде орналасқан таяқша және колба пішінді жарық қабылдағыш рецепторлар – фоторецепторлар жатады, ал өткізгіш бөлімі көру нервінен тұрады да, қыртыс бөлімі желке түсында орналасқан ми сыңарларының көру орталығынан тұрады. Көру анализаторында жоғары дәрежедегі талдау мен талқылау жасалады да заттың бейнесі тұралы сезім пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет