9. Межелік және аралық бақылау тапсырмалары мен сұрақтары 1-аралық бақылау бойынша тест сұрақтары 1.Абай қазақтың қандай әдебиетінің негізін қалаған?
а) ежелгі дәуір әдебиетінің;
ә) орта ғасырлық;
б) романтикалық қаһармандық;
в) көне түркілік-шағатай әдебиетінің;
г) реалистік жаңа әдебиетінің.
2.Абайдың алғашқы шәкірт ақын кезі өлеңдерінің еліктеу бағыты.
а) парсы;
ә) араб;
б) шағатай;
в) суфистік;
г) мистикалық.
3.Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген зерттеуші.
а) Қ Жұбанов;
ә) М.Әуезов;
б) Ә.Бөкейханов;
в) М.Мырзахметов;
г) Кәкітай Ысқақов.
4.Абай төңірегіндегі айтысты басуға себеп болған мақала.
а) “Абайдың өнері мен әм қызметі” (Екеу);
ә) “Абай” (Сағди);
б) “Сөз басынан” (Күлеев);
в) “Қазақтың бас ақыны” (Байтұрсынов);
г) “Абай кітабы” (Жансүгіров).
5.“Абайтану тарихына”жіктелуіне негіз болған жүйе.
а) Жанрлық;
ә) Мәтіннамалық;
б) Әдістемелік;
в) Тарихи-салыстырмалық;
г) Хронологиялық.
6. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
а) Кәкітай;
ә) Тұрағұл;
б) Б.Сиқымбайұлы;
в) Жанұзақ ақын;
г) Көкбай.
7. Абай туындыларының алғашқы жинағының шыққан жылы.
а) 1845;
ә) 1876;
б) 1889;
в) 1905;
г) 1909.
8. Орыс қауымына Абай туралы тұңғыш толық мағлұмат берген туынды.
а) “Абай Құнанбаев” (Н.Рамазанов);
ә) “Сібір және сүргін” Дж. Кеннан;
б) “Орысша энцик-лық сөздік” (И.Н.Березин);
в) “Абай Құнанбаев” (Ә.Бөкейханов);
г) “Хаттары” (Н.Н.Белослюдов).
9. 1918 ж.“Абай” журналына мақалаларын Екеу деп берген кімдер?
а) Бөкейханов, Байтұрсынов;
ә) Байтұрсынов, Дулатов;
б) Аймауытов, Жұмабаев;
в) Жұмабаев, Әуезов;
г) Аймауытов, Әуезов.
10. Ұлы ақынның екінші жинағын Қазанда 1922 жылы бастырып шығарушы.
а) М.Әуезов;
ә) С.Мұқанов;
б) Ғ.Сағди;
в) Б.Күлеев;
г) Б.Кенжебаев.
11.“Ақжолда”Абай мұрасын тақырыптарға бөліп, кең қарастырған Ғ.Сағди мақаласы.
а) “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер,..”;
ә) “Абайдың өмірі һәм қызметі”;
б) “Абай”;
в) “Сөз басы”;
г) “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі”.
12. Кенжебаев “Абай” атты мақаласында “Абайды қазақ әдебиетінің атасы деу қате” деген кімнің пікіріне қарсы шықты?
а) С.Мұқанов;
ә) С.Сейфуллин;
б) Б. Майлин;
в) Қ.Жұмалиев;
г) І.Жансүгіров.
13. Абай шығармаларының басты сарынына сүйенбей, оның әлеуметтік тегін ғана негізге ала тырып бағалаған мақала авторы.
а) С.Мұқанов;
ә) С.Сейфуллин;
б) Б. Майлин;
в) Қ.Жұмалиев;
г) І.Жансүгіров.
14. 20- жыл-ң ІІ жарт. Абай мұрасына байланысты айтыстың ең кең жайылған бағыты.
а) Компаративистік (ақын Абай мен ойшыл Абайды бөле қарау);
ә) Түршілдік (формалис-тік);
б) Интернационалистік таным;
в) Тұрпайы социологиялық;
г) Шыншыл реалистік.
15. Абайды Ресейдегі Томашевский мектебіне еліктеушілік тұрғысынан таныған бағыт.
а) Компаративистік (ақын Абай мен ойшыл Абайды бөле қарау);
ә) Түршілдік (формалис-тік);
б) Интернационалистік таным;
в) Тұрпайы социологиялық;
г) Шыншыл реалистік.
16. Қ.Жұбановтың Абайды танытуға арналған еңбегінің атауы.
а) Абай – қазақ әдебиетінің бастаушысы;
ә) Абай – жазба әдебиетінің классигі;
б) Абай – қазақ жазба поэзиясының көшбас-шысы;
в) Абай – қазақ әдебиетінің классигі;
г) Абай – қазақтың жаңа әдебиетінің классигі.
17. Абайдың 1945 жылғы академиялық толық жинағының басты ерекшелігі.
а) Соғыс жылдары шыққандығы;
ә) Соңғы табылған өлеңдерімен толықтырылғандығы;
б) Жинақтың шығуына М.Әузовтің қатысқандығы;
в) Аудармаларының енгізілуі;
г) Туындыларына арнайы ғылыми түсінік берілуі.
18. 1940-1945 жж. Абай дүнниетанымына қатысты Әуезов көтерген күрделі мәселе.
а) Орыс демократтарының әсері;
ә) Шығыс ойшылдарының ықпалы;
б) Ақын нәр алған рухани көздер;
в) Абайдың дінге көзқарасы;
г) Түркішілдік көзқарас ықпалы.
19.Абайдың “прогресшіл ағартушы ниетінің” екі негізін дұрыс көрсеткен ғалым.
а) Н.Сауранбаев Мұқанов;
ә) Қ.Жұмалиев;
б) М.Сильченко;
в) С.Мұқанов;
г) Ә Қоңыратбаев.
20. М.Әуезовтің соңғы тікелей қатысуымен шыққан Абай шығармаларының жинағы.
а) Шығ-ың толық жинағы (1948);
ә) Шығ-ның толық жинағы (1951);
б) Шығ-ның толық жинағы (1954);
в) Екі томдық толық жинағы (1957);
г) Бір томдық толық жинағы (1961).
21. М.Әуезовтің абайтанудағы орны мен еңбектерін зерделеген ең сүбелі еңбек.
а) “Абайтану ғылымының негізін салушы” (Бейсенбаев М.);
ә) “Профессор Әуезов – Абай мұрасын зерттеуші” (Ермеков Ә.);
б) “Мұхтар Әуезов – әдебиет сыншысы” (Сыздықов Қ.);
в) “Абай мұрасын Мұхтар Әуезовтің зерттеу еңбегі жайлы” (Дүйсенбаев Ы.);
г) “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары” (Мырзахметов М.).
22. Абайдың ақындық мектебі туралы зерттеуге аса мол үлес қосқан абайтанушы.
а) Ә.Жиреншин;
ә) Е.Ысмайылов;
б) Ғ.Сералиев;
в) Қ.Мұқамедханов;
г) Ш.Сәтбаева.
23. Абай мұрасын шет тілдерде бастырып шығарудың жандана бастаған кезеңі.
а) 50- жылдары;
ә) Абайдың 120 жылдығы қарсаңында;
б) Ақынның 125 жыл толуына орай;
в) Ақын жинағының ағылшынша басылымынан (1975) бастап;
г) 80- жылдары.
24. Абайдың 150 ж-на Қазақстан жоо-да ең алғаш ашылған ”Абайтану”мұражайы.
а) Алматыда;
ә) Ақтөбеде;
б) Семейде;
в) Ақмолада;
г) Талдықорғанда.
25. М.Әуезовтің ақын өлеңдерін қалпына келтірумен жүйелі айналысқан кезі.
а) 20-жж ортасы;
ә) 30-жж. басы;
б) 30-жж. аяғы;
в) Соғыс жылдары;
г) 50-жж.