Кәсіби практиканың басталу және аяқталу күні академиялық күнтізбеге, жұмыс оқу жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес магистранттардың кәсіби тәжірибелерін өткізу кестесінде белгіленеді.
№
Практика түрі
Кредит саны
курс
семестр
Кредит бойынша практика ұзақтығы (апта)
1
Педагогикалық
5
1
2
8
2
Зерттеу
10
2
4
10
Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің Стратегиялық даму жоспарының мақсатына және университет миссиясына сәйкес анықталған.
Білім беру бағдарламасыныңмақсаты: Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті математика пәнінің мұғалімін даярлау.
Білім беру бағдарламасыныңміндеттері:
білім алушылардың кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру;
білім алушылардың тұлғааралық құндылықтар негізінде әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби этикалық нормаларды ұстануын қалыптастыру;
білім алушылардың кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру негізінде білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
тіл үштұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды қамтамасыз ету.