Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет20/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Заманауи түсінік
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен, топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде басқалары – өзін тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын көрінбейді. Кейбір оқушылардың дарындылығы объективті себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмайды. Ал қалғандары әртүрлі себеппен үлгере алмайтындардың санатына жатқызылып, немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса, кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінеді. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зияткерлігінің болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар, олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет.
Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде-бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді.
Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
  • логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған;


- заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды;


- ақпараттарды шұғыл өңдейді;
- проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады;
- түйінді қағидаттарды жеңіл игереді;
- зияткерлік тапсырмаларды ұнатады;
- оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді;
- проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды;
- проблемаларды анықтайды және шешеді;
- барлығына талдау жасайды;
- идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды;
- кең ауқымды білімді пайдалана алады;
- пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға ұмтылады;
Креативті ойлаудың сипаттамасы:
- ерекше идеяларды табады;
- зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған;
- ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады;
- әзілшіл;
- ерекше түсінік қалыптастыра алады;
- эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі;
- болашақты ойлағанды жақсы көреді;
- басқа біреу сияқты болуға қорықпайды;
- көптеген идеяларды ойлап шығарады;
- жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын;
- ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
- жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады;
- дербес;
- мақсатқа ұмтылады және өзіне мақсат қояды;
- міндеттерді шешуде дәйекті;
- табанды және іспен бар ынтасымен шұғылданады;
- өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім;
- сенімді;
- өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді;
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
- қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады;
- құрбы-құрдастары құрметтейді;
- басқалармен жылдам тіл табысады;
- қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады;
- мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді;
- топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады;
- өзіне сенімді;
- жаңа жағдайларға тез төселеді;
- спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді;
- әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан;
- өзіне жауапкершілік алуға дайын;
- іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады;
Табандылық сипаттамасы:
- өктем өтініштерге сенбей қарайды;
- өткінші шешімдерге күмән келтіреді.
- мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді;
- «ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады;
- игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды;
- күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды;
- жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі болуға тырысады;
- тиянақты, қойған сұрақтары нақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет