Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет25/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Мұғалімдер үшін маңызды
Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын орта оқу үшін барынша қолайлы болып табылады. Оқушылар мұндай ортада жұмыс істегенде, өзара әңгімелесу барысында олардың ой-пайымдары айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Дегенмен, зерттеушілік әңгіме жүргізу дағдылары оқушылар үшін қалыпты табиғи дағды емес, сондықтан балалар бірлескен әңгіменің мәнін үғынып, қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.
Сұрақ қою
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сыныпта сұрақ қоюдың дәстүрлі моделі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» үлгісінде болатыны дәлелденген. Мысалы:
Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?
Жауап (оқушы): Екі жүз алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен деңгейлі және жоғары деңгейлі сұрақтарды кең қолданады. Кей кездері төмен деңгейлі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары деңгейлі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
  • оқушыларды тақырыпқа сай және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;


  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін айқындайды;


  • білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;


  • оқушылардың білімді қалыптастыруына және баяндап жеткізе білуіне көмектеседі;


  • оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;


  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытады;


  • оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;


  • әңгімелесу және ой елегінен өткізу арқылы оқушылардың ойлауы мен іс-әрекеттерін тереңдетуге және шоғырландыруға ықпал етеді;


  • оқуда кедергі келтіруі мүмкін қиындықтар мен түсініксіз мәселелерді анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет