Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет35/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Жинақтау
Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу не- месе балама шешім ұсыну:
  • ерекше байланыс орнату;


  • жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;


  • абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.


Сұрақ қойылу үлгісі: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт дайындаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.


Бағалау
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:
  • ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;


  • сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.


Сұрақ қойылу үлгісі: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?


Сын тұрғысынан ойлау ең соңғы сатысында ойлау үдерісінің анағұрлым жоғары деңгейімен байланыстырылатынына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, аталған деңгейлердің барлығы сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қарастырылады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/ немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.
Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында студенттермен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жа- сау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет