Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Дәріс №14. Бағалаудың мақсат міндеттері. Бағалаудың түрлері



бет36/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәріс №14.
Бағалаудың мақсат міндеттері. Бағалаудың түрлері


Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған.
Оқушылардың мектепте оқытылатын материалдарды игеру деңгейін анықтау үшін және оқушылар тобы үшін барынша оңтайлы болып табылатын оқудың немесе жұмыстың кезеңдерін анықтау үшін белгілі бір бағалау нысандары қолданылады. Осындай бағалау адамдардың тиісті кезеңдегі білімі мен түсінігін бағалау үшін оқу бағдарламасының белгілі бір кезеңдерінде жүзеге асырылады. Бұндай бағалауды «жиынтық» бағалау деп атауға болады, өйткені ол оқушының алдын ала әзірленген критерийлерге (критериалды бағалау) сәйкес анықталған, болмаса қалған оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған (нормативке негізделген бағалау) білімін жиынтықтайды.
Қалыптастырушы бағалау оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді, оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқуды ағымдық бағалау дегенді білдіреді. Ол «оқу үшін бағалау» (бұдан әрі - ОүБ) ретінде де белгілі. Ұлыбритания ғалымдарынан тұратын Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы «Оқу үшін бағалау» деген кітап жариялады. Осы уақыттан бастап ОүБ тұжырымдамасы кеңінен таныла бастады.
Заманауи түсінік
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдар- дан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Қазіргі білім беру жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. Айталық, оқуды бағалау жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін болса, оқу үшін бағалау оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны «оқуды бағалау» деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе «оқу үшін бағалау» болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет