Білім беру бағдарламасытобы Биология Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Шыныбекова Шолпан Сакановна
Силлабус Жасуша және ұлпалар биол 2022-23 оқу жылына
Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы Қазіргікезде «Жасуша және ұлпалар биологиясы» пәні жасушалар мен ұлпалар құрылысын, қызметін, дамуы мен олардың құрылымында жүретін өзгерістерді зерттейтін ғылым. Ал, жасушаларды тірі жүйелердің элементарлы бірлігі ретінде атқаратын функциясын, құрамындағы жеке компоненттердің функцияларын, көбею процестерін, олардағы репарацияны, қоршаған ортаға бейімделулерін және барлық қасиеттері мен функцияларына жалпы сипаттама беруге мүмкіншілік беретін басқа да көптеген көрсеткіштерін зерттейді. Ұлпа- белгілі бір функцияны атқаратын, құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасушааралық заттардың комплексі. Жасушаның жалпы морфологиясын оқып-үйрену, зерттеу әдістерінің дамуымен тығыз байланысты. Негізгі зерттеу әдістері — жасушалар мен ұлпаларды және мүшелерді микроскоппен зерттеу. Қазіргі кезде жасушалар мен ұлпалардағы құрылымдарды көру үшін әр түрлі микроскоптар шығарылған: фаза-контрастық, поляризациялық, флуоресценттік, интерференциялық, электрондық т.б. Электрондық микроскоп кең қолданылуда, яғни жасушаны 100 000 есе артық ұлғайтады. Жасушаның барлық ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді. Оқу курсының түрі: ВК Пәннің мақсаты студенттерде жасушалар мен ұлпалардың әртүрлі құрылысы мен қызметтерін, ағзадағы мүшелер құрамындағы ұлпалардың шығу тегі мен түрлерін, морфологиялық ерекшеліктерін, әр компоненттің тіршіліктегі рөлі мен маңызын, ұлпалық деңгейдегі ұйымдасудың жалпы көрінісі туралы білімді игерген, түсіндіруг еқабілетті, микроскоппен жұмыс істей алуға дағдыланған, пән бойынша толық құзіреттілікке ие студенттерді қалыптастыру. Пәнінің негізгі міндеттері «Жасуша және ұлпалар биологиясы» білім алушыларда ББ бағдарламасы бойынша бірқатар оқыту нәтижелерінің (ОН) пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады: Жасушалар мен ұлпалар туралы мәліметтер жинақтау; Жасушалар мен ұлпалардың зерттеу әдістерін қолдануды; Жасушаның жалпы морфологиялық құрылысын сипаттауды; Жыныс жасушаларын құрылысынан ажырата білуді; Онтогенез барысындағы даму сатыларын түсіндіре білуді; Тұрақты және уақытша препарат даярлауды; Морфологиялық көрінісі бойынша ұлпаларды ажырата білуді. Осы пәнді оқу барысында алған білімін зерттеу жүргізу кезінде қолдануды; Әдеби көздермен жұмыс істей білуді (оқулықтар, анықтамалар және т.б.). Жасушалар мен ұлпаларды зерттейтін әдісті таңдап, шешім қабылдау. жүктеу/скачать 61,06 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |