Білім беру, ғылым, техника және технология



Дата15.11.2023
өлшемі14,39 Kb.
#123145

Білім беру, ғылым, техника және технология
Білім (лат. Scientia, ағылш. Knowledge, араб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны білім деп атаймыз. Бұрын білім аз санды адамның бәсіресі құсап сезінілген. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам білім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен қарау болмауға тиіс.
Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда апаратын белгісіз. “Білім – күш” деген сөзді Ф.Бэкон айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа бөлейтін жақсы күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе, бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық. Қазір адамзат білімнің кемшілігін түзететін “жасыл білімге” ауысып бара жатқаны байқалады
Ғылым (лат. Scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесі. Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Технология- материалды немесе шикізатты жекелеген бұйымдар алу немесе өндіріс үрдісінде ағымға қойылған өнім алу мақсатында түрлі әдіс- тәсілдермен өңдей білу шеберлігі.Технология түрлері көп,адам қызметінің әрбір саласының өз ерекше технологиялары болады.
Техника- адамның заттар өндіуге және өзінің күнделікті қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшінжасап шығарған құралдар, автоматтар,машиналар сияқты еңбек құралдары.Көне замандарда адамдар құрал ретінде таяқ тасты қолданып,оларды өңдеудің алғашқы тәсілдерін меңгерді.Осылайша тас балғалар мен балталар,шақпақ тас және сүйек ұшты найзалар пайда болды.
Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды. Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет