«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет2/43
Дата03.06.2022
өлшемі386,92 Kb.
#36300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту (1)

ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.


2. Құрастырғандар:
Қ.М.Меңдаяқова - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Б.Л.Смагулова- педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Л.Р.Тайтелеева- пеадгогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы


3. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
Г.М.Метербаева – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты
Т.Б.Байназарова – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, педагогика ғылымдаарының кандидаты


4. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мәжілістің №2 хаттамасының шешімімен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.


5. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжіліс хаттамасының шешімімен бекітілген базалық және кәсіби пәндердің оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.


6. Типтік оқу бағдарламасы Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мәжілістің №2 хаттамасының шешімі негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы типтік бағдарламасын көбейтуге және таратуға болмайды.




ТҮСІНІКТЕМЕ

Тіл дамыту әдістемесі курсы 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Тілді дамыту әдістемесі мамандарды даярлауда негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Оқу бағдарламасының мазмұнында мектепке дейінгі ұйымда тілді және тілдік қарым-қатынасты дамыту міндеттерін шешудегі кешенді тұғыр көрсетілген.


Курстың мақсаты – Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту технологиялары мен заманауи теориялары саласында болашақ педагогтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; болашақ педагогтардың көптілділік жағдайында мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту саласында ұйымдастырушылық-басқарушы, ғылыми-әдістемелік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет