Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы



бет1/2
Дата14.02.2023
өлшемі23,17 Kb.
#67735
  1   2
Байланысты:
v2200026513.12-01-2022.kaz





Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26513 болып тіркелді

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 11-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:





1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары бекітілсін.


2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;


3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.


4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі




А. Аймагамбетов




Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет