Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы


мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.03.2017
өлшемі312,19 Kb.
#8523
1   2   3

мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу 

      46. Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау оқу процесінің 

кестесімен (академиялық күнтізбемен) жəне ЖОО-ның оқу жұмыс жоспарымен қарастырылған мерзімдерде өткізіледі. 

      47. Қорытынды мемлекеттік аттестаттау ұзақтығы кем дегенде 4 апта бұрын белгіленеді. 

      48. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау бакалавриат, магистратура жəне жоғары арнайы білім беру 

мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген нысан бойынша өткізіледі. 

      49. Білім алушылар қатаң түрде оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сəйкес барлық 

мемлекеттік емтихандарды тапсырулары жəне дипломдық жұмыстарын (магистрлік диссертациясын) қорғаулары қажет. 

      50. Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы сырқатына орай ұзақ мерзімді стационарлық емделуіне, 2 жасқа 

дейінгі баласының болуына, науқас немесе қартайған ата-аналарына қарауына орай, ЖОО басшысының келісімімен дипломдық 

жұмыстың орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруына құқығы бар. 

      Осыған орай білім алушы ЖОО басшысының атына өтініш жазады жəне қажетті құжаттар тапсырады. Ал басқа жағдайларда 

дипломдық жұмыс мемлекеттік емтихан тапсырумен ауыстырылуына рұқсат етілмейді. 

      Бұл жағдайда мемлекеттік емтихандар тізбесі бітіртуші кафедраның шешімімен бекітіледі. 

      51. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының талаптарына сəйкес білім беру процесін 

бітірген білім алушылар жіберіледі. 

      52. Білім беру процесі аяқталуының негізгі өлшемі білім алушының бакалавриат, магистратура жəне арнайы жоғары білім беру 

мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сəйкес оқудың теориялық курсының қажетті көлемін 

меңгеруі болып табылады. 

      53. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу білім алушылар тізім бойынша қорытынды мемлекеттік 

аттестаттау басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді жəне 

мемлекеттік аттестаттау комиссиясына ұсынылады.  

      54. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшенің басшыларына мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің жұмыс кестесін құру 

міндеті жүктеледі. 

      55. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесін ректор бекітеді жəне мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 

жұмысы басталғанға дейін 2 апта қалғанда барлығының назарына жеткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының 

ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. 

      56. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу басталғанға дейін білім алушылар мемлекеттік аттестаттау комиссиясына 

мынадай құжаттарды тапсырады: 

      1) білім алушының оқу жоспарын орындағандығы, барлық пəндер бойынша оның көлеміндегі тапсырған курстық жобалары 

(жұмыстары) мен практика түрлерінен алынған бағалары туралы ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысының анықтамасы; 

      2) қорғауға "Жіберіледі" немесе "жіберілмейді" деген дəлелденген қорытындысы бар дипломдық жұмыс ғылыми жетекшісінің 

пікірі; 

      3) тиісті ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының тиісті практикалық кəсіби қызметі маманының диплом жұмысын, 

магистрлік диссертациясын қорғауға берілген жан-жақты мінездемесімен ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе 

"қанағаттанарлықсыз") деген бағалар көрсетілген дəлелденген қорытындысы жəне тиісті мамандығы бойынша біліктілігін жəне 

бакалавр немесе магистр академиялық дəрежесін беру туралы рецензиясы. 

      57. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (магистрлік диссертацияның) ғылыми 

жəне практикалық құндылықтарын сипаттайтын құжаттар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (магистрлік диссертацияның) 

бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нəтижелерін енгізу 

анықтамалары мен актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербарии жəне тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін. 

      58. Дипломдық жұмысты жəне магистрлік диссертацияны рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс немесе диссертацияның 

бейініне сəйкес келетін басқа ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады. 

      59. Дипломдық жұмыстардың рецензенттері білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жұмыс орындары жəне лауазымы 

көрсетілген бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі. 

      60. Магистрлік диссертацияның ресми жақтаушылары жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы мен 

қорғалатын диссертацияның бейіні бойынша негізгі басылымдары көрсетіліп, білім беру ғылыми ұйымдағы ғалымдар кеңесінің шешімі 

негізінде əрбір магистрлік диссертация бойынша жеке білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. 

      61. ЖОО-дағы білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік емтихан (іргелі бейімдеуші пəндер немесе 

мамандықтар бойынша) тапсыру жəне/немесе дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) қорғау нысанында өткізіледі. 

      62. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейімдеуші пəндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың оқу 

бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі. 

      63. Мамандықтар бойынша кешенді тестілеу түріндегі мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пəндердің оқу 

бағдарламалары негізінде ЖОО-ның əзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі. 

      64. ЖОО мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сəйкес мемлекеттік емтихан тапсыру көзделген іргелі 

бейімдеуші пəндер бойынша 1 кешенді емтихан өткізуі мүмкін. 

      65. ЖОО өздігінен тест тапсырмаларын жəне олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын 

əзірлейді жəне бекітеді. 

      66. Мемлекеттік емтиханды тапсыру қорытындысы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді 

жəне оларды өткізу күні жарияланады. Мемлекеттік емтихан тестілеу нысанында өткізілген жағдайда емтихандық ведомость 

хаттаманы ресімдеу үшін негіздеме болып табылады. 

      67. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында олардың 

жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 

      68. Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Дипломдық жұмысты 

қорғау үшін білім алушылар баяндамасымен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 15 минуттан артық сөйлемеуі керек. 


      69. Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақтығы бір магистрантқа 100 минуттан аспауы керек. Магистрлік диссертацияны қорғау 

үшін магистрант баяндамасымен мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында 20 минуттан артық сөйлемеуі керек. Магистрлік 

диссертацияны қорғау бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында ғылыми жетекші мен ресми жақтаушы 

қатысуларына жəне сөз сөйлеулеріне міндетті. Магистрлік диссертацияны қорғау барысында талқыланып отырған мəселеге жұмыстың 

бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асырған ұйымның мамандары, ресми емес жақтаушылар жəне басқа да мүдделі 

тұлғалардың қатысуына болады. 

      70. Магистрант мемлекеттік аттестаттау комиссиясына 56-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында жəне 57-тармақта көрсетілген 

құжаттармен бірге белгіленген тəртіппен бекітілген жарияланымдар тізімін ұсынуы қажет. 

      71. Диплом жұмысын (магистрлік диссертация) қорғау нəтижесі бойынша "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық", 

"қанағаттанарлықсыз" деген бағалар қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми жəне практикалық дайындықтары, 

сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ресми жақтаушысының пікірлері назарға алынады. 

      72. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияның) қорғау нəтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының 

хаттамасын толтырғаннан кейін сол өтілген күні жарияланады. 

      73. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғаған жəне мемлекеттік емтихан тапсырған білім алушыға мемлекеттік 

аттестаттау комиссиясының шешімімен алған мамандығына сəйкес біліктілік беріледі, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламасын 

меңгерген академиялық дəреже тағайындалады. 

      74. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен жəне жоғары білімнің тиісті кəсіптік білім беру бағдарламасын меңгергендігін 

дəлелдеген білім алушыға мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі. 

      75. Дипломға қосымша білім алушының оқу жоспарын орындағаны туралы ЖОО-ның бөлімше басшысының анықтамасы негізінде, 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен қарастырылған көлемде оның барлық пəндер бойынша алған бағалары, тапсырылған 

курстық жобалар (жұмыстары), практика мен қорытынды мемлекеттік аттестаттау нəтижелерінің түрлері негізінде толтырылады. 

      76. Бір жəне сол оқу пəннен бірнеше емтихандық бағасы болса диплом қосымшасына жəне транскриптке сағат жəне кредиттердік 

көрсетіліп əрбір баға жəне жолмен енгізіледі.  

      77. Оқу жоспарындағы барлық пəндердің кем дегенде 75 пайызы бойынша емтихандар мен дифференциялдық сынақтарды "өте 

жақсы" деген бағаға, ал қалған пəндер бойынша "жақсы" деген бағаға жəне "өте жақсы" деген бағаға мемлекеттік емтиханды тапсырған 

жəне бітіру жұмысын қорғаған білім алушыға үздік диплом (əскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі. 

      78. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға жəне дипломдық жұмысты (магистрлік 

диссертацияны) қорғауға рұқсат берілмейді. 

      79. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға жəне/немесе диплом жұмысын 

(магистрлік диссертацияны) қайта қорғауға қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді. 

      80. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы білім алушыға осы жұмысын комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға 

ұсынуға болатындығын немесе оның бітіртуші кафедра белгілеген жаңа тақырыпты əзірлей алатындығын белгілейді. 

      81. Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды қайта аттестаттау келесі мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңінде бұрынғы 

мемлекеттік аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған оның сол нысандары бойынша ғана өткізіледі. 

      82. Сонымен қатар, осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пəндер тізбесі, білім 

алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен анықталады. 

      83. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама 

беріле отырып білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады. 

      84. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясына денсаулық жағдайы туралы ұсынған құжаттары 

қаралмайды. 

      85. Білім алушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттауды өткізу үшін əрбір мамандық бойынша барлық оқыту нысандарына 

арналған Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы құрылады. 

      86. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қызметінің құзыретіне: 

      мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен белгіленген баклавриат, магистратура жəне жоғары арнайы білім беру 

мамандықтарының талаптарына бітіруші мамандардың ғылыми-теориялық жəне практикалық даярлықтарының сəйкестік деңгейін 

тексеру; 

      оларға тиісті біліктілік пен диплом беру туралы (үздік емес, үздік) шешім қабылдау; 

      тиісті мамандықтар бойынша академиялық бакалавр немесе магистр дəрежесін тағайындау; 

      мамандар даярлау сапасын одан əрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар əзірлеу кіреді. 

      87. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы төраға мен оның мүшелері құрамында жыл сайын ұйымдастырылып, күнтізбелік жыл 

бойы жұмыс істейді. 

      88. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы білім саласындағы орталық атқарушы орган бітіріп шығушы мамандардың 

бейініне сəйкес келетін практикалық стажы бар жəне осы оқу ұйымында жұмыс істемейтін, профессорлардың, доценттердің, 

ғалымдардың, оқытушылардың, тəжірибелі өндіріс мамандарының жəне мұғалімдердің арасынан бекітіледі. 

      89. Магистрлік диссертация қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы 

немесе магистрлік диссертацияны қорғайтын бейіні бойынша академиялық "магистр" дəрежесі болуы керек. 

      90. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына оның мүшелері құқығымен: ЖОО-ның құрылымдық бөлімше басшысы 

немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының басқа мүшелері бітіруші мамандардың 

тиісті бейініне сəйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, жоғары білікті мамандардың арасынан қалыптасады. Бір 

мемлекеттік аттестаттау комиссиясының сандық құрамы төрт адамнан кем болмауы керек. 

      91. Магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті бейін бойынша ғылыми 

дəрежесі, ғылыми атағы немесе магистрлік диссертация бейіні бойынша академиялық "магистр" дəрежесі бар адамдар кіреді. 

      92. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамы жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, жыл сайын 31 қаңтардан 

кешіктірілмей бекітіледі. 

      93. Диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дəреже 

тағайындау жəне мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді мемлекеттік аттестаттау комиссиясы комиссия 

мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік даусымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыстар саны 

тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. 

      94. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға бекітілген кестеге сəйкес дəлелді себеппен келмеген білім алушылар мемлекеттік 

аттестаттау комиссия төрағасының атына өтініш жазады, дəлелді себепті растайтын құжатты ұсынады жəне оның рұқсатымен емтихан 

тапсыруына немесе дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) осы комиссияның басқа отырысы болған күні қорғауына болады. 

      95. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді. 

      96. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары əрбір білім алушыға белгіленген нысан бойынша жеке 

жүргізіледі. 

      97. Хаттама комиссияның құрамына бітіртуші кафедра оқытушыларының арасынан бекітілген мемлекеттік аттестаттау 

комиссиясының хатшысымен толтырылады. 

      98. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда жəне диплом жұмысын (магистрлік диссертацияны) қорғауда анықталған білімдердің 

бағасы енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер 

мемлекеттік аттестаттау комиссиясының бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сəйкес келмеген жағдайда, 


ол өз пікірін хаттамаға жазуға жəне өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада біліктілік, академиялық дəреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын 

бітірушіге қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі. 

      99. Хаттамаға аттестаттау комиссиясының төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды. 

      100. Мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысының хаттамасы нөмірленуі, жіппен тігілуі жəне жоғары оқу орны оқу бөлімінің 

(оқу-əдістемелік басқармасының) мөрімен бекітілуі керек. 

      101. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хаттамалары жоғары оқу орнының мұрағатында сақталады. 

      102. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның төрағасы есеп жасайды жəне екі апта 

мерзім ішінде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады. 

      103. Мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының есебі жоғары оқу орны кеңесінің немесе ЖОО-ның құрылымдық 

бөлімшелердің отырысында талқыланады жəне бекітіледі. 

      104. Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім саласындағы 

орталық атқарушы органға бекітілген есепті ұсынады. 

      105. Мемлекеттік аттестаттау комиссия төрағасының есебінде мыналар көрсетілуі керек: 

      ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;  

      бітіру жұмыстарының орындалу сапасы; 

      оқу бітіру жұмыстары тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мəдениеттің жай-күйіне жəне өндірістің талабына 

сай екендігі; 

      білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пəндер бойынша мамандар даярлаудың 

кемшіліктері көрсетілуі керек; 

      белгілі бағыт бойынша мамандар даярлау сапасын талдау; 



      ЖОО мамандар даярлауды одан əрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет