Оқуға, білімге деген қызығушылығынарттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сәлемдесу
Үй жұмысын тексеру
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру ”Ассоциациялар“ жаттығуы.
Оқушылар өзіне балайтын, теңейтін өсімдіктің, жануардың, ағаштың атын жазады. Парақтар жиналып, кезегімен оқылады. Тыңдаушылардың міндеті - авторды анықтау.
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Өмірдің шынайы бағытын шешім қабылдау арқылы ғана анықтауға болады. Өмірінде әр адам бір рет болмасын «Шешімді қалай қабылдаймын? Қабылдаған шешімім дұрыс па? Өзімді алдап жүрген жоқпын ба?» деген секілді сұрақтар қояды. Шешімді қабылдауға ар-ұят, өзге тұлғалардың пікірі, моральды принциптер, мемлекеттік ата заң, ата-ана әсерін тигізуі мүмкін. Адамдар осы секілді әсер етуші факторлардың арқасында адасып, өзінің шын мәнінде нені қалайтындығын ұмытып қалады.
Бірінші кезекте шешімді қабылдау арқылы ішкі жан дүние толысады. (Бала өмір туралы еш нәрсені білмейтіндіктен, жауапкершілікті ата-анасы көтереді). Алғашында жауапкершілікті көтеру қиынға соғады. Оны әдетте жақындарының қолдауынан айырылған, өз аяғында нық тұра білетін жандар қабылдайды. Алғаш қолдаудан айырылған кезде алдыдағы бұрылыстан қиындық шыға келетіндей барлығы да қорқынышты көрінеді. Сол себепті көпшілік адамдар өмір бойы «ересек сәбидің» күйін кешіп жауапкершіліктен бас тартады. Барлығын мемлекетке, оқиғаға, өзге адамдарға сілтейді. Ал шешімді өзі қабылдау арқылы және сол шешімге деген жауапкершілікті көтеру арқылы рухани тұрғыдан өсуге болады.
Әрбір оқушы бір жағдайдан оқиды және өз шешімін айтады, қалғандары оны толықтырады.
1 Сенің сыныптасың үй тапсырмасы орындалған дәптеріңді үйінде ұмытып кетті
2 Сен үйіңнен кілтсіз шығып кеттің; үйге келгенде ешкім жоқ болды.
3 Сен үйден шыққанда жуынатын бөлменің ыстық суын ашып кеттің, үйге келгенде су көлкіп жатты.
4 Подъезде лифтінің қасында бейтаныс, сырт келбеті мен кейпі жағымсыз екі адам тұр
5 Сен мектептің асханасына тамақ ішуге келдің ,бір кезде ақшаң қалып кеткенін байқадың...
6 Сен өз сыныптасыңмен үйіңде ұзақ теледидар алдында отырдың, сыныптасыңның басы ауырып кетті.
7 Сен ата-анаңмен үлкен дүкенге кірдің де, олардан адасып кеттің...
8 Сабақта сенің артқы жақтағы көршілерің саған мұғалімді тыңдауға кедергі жасап жатыр.
9 Үзілісте сен тізеңді жарақаттап алдың...
10 Үзілісте сенің ақшаңды жоғары сыныптар алып қойды.
11 Сенің мысығың биік ағашқа шығып алып, түсе алмай жатыр.
12 Сынып басқа қалаға саяхат жасауға жиналды. Сен келгенде поезд уақыты болып жүріп кетті.
13 Сен бауырыңмен үйде жалғыз қалдың, бір кезде ол өзін жаман сезіне бастады.
14 Сенің итің жоғалып қалды.
15 Үзілісте сенің достарыңның арасында дау-дамай болып қалды, сен оған куәгерсің...
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Дескриптор: өзгерістерін жіктейді
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.