Білім беру жүйесіндегі педагогикалық мониторинг


«білім беру нәтижелерін басқарудың базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі»



бет2/3
Дата21.03.2023
өлшемі22,26 Kb.
#75662
1   2   3
Байланысты:
Реферат Мониторинг

«білім беру нәтижелерін басқарудың базасы және даму жолдарын болжамдау түрінде білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесі енгізіледі» деп жазылуы өте орынды.
Қазіргі ХХІ ғасырда білім беру үрдісін ақпаратпен қамтамасыз ету құралы – білім сапасын мониторингілеу және диагностикалау болып отыр. Ал, педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • ақпараттың мазмұны;

  • ақпараттың сапасы;

  • ақпаратты басқаруда пайдалану.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг – қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату болып табылады.
Г.А. Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Педагогикалық мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

  • педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер;

  • педагогикалық менеджмент;

  • педагогикалық диагностика;

  • педагогикалық тесттер;

  • бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер;

  • шығармашылық қабiлет.

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк болып табылады. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Ал педагогикалық диагностика бұл бақылау түрлерінің бір жүйесі. Онда өлшемдік тетіктердің көптеген түрлері бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет