Білім беру жүйесіндегі педагогикалық мониторинг


Педагогикалық диагностика — педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады



бет3/3
Дата21.03.2023
өлшемі22,26 Kb.
#75662
1   2   3
Байланысты:
Реферат Мониторинг

Педагогикалық диагностика — педагогикалық ғылымның бір саласы, сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз – белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезімізде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілері, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностикалау педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
Педагогикалық мониторингті зерттеген В.А. Болотов, В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, В.И. Гинецинский, А.Н. Дахин, В.М. Монахов, А.М. Новиков, Л.С. Подымова, В.А. Сластенин, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Н.О. Яковлевалар өз еңбектерінде педагогикалық мониторингтің нәтижелері мен құрылымын және түсініктемесін талдай келе, қазіргі педагогикалық ғылымда және тәжірибеде осы күнге дейін мониторингке деген жүйелі тәсілдемелердің құралмағанын, ал ол, бір жағынан, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік бағыттарын, екінші жағынан, практикалық педагогикалық қызметтің теоретикалық негізділігін едәуір төмендетеді.
Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.
Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі қызметкерлердің жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізу арқылы деректер базасы құрылады , олар берілген топтағы оқушылардың (қызметкерлердің, студенттердің, магистранттардың ) ары қарай дамуын терең талдауға және дер кезінде түзетулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет