Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық – функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді.
МЕКТЕПІШІЛІК БАСҚАРУ
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару — тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалык талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады. Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік — білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді – мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы блім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.
Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді.