Білім берудегі жаңа тұжырымдамалық көзқарастар, әдіснамалық ұстанымдар әлемдік білім кеңістігіндегі жаңартулармен ықпалдасып, еліміздің білім беру ісі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр



бет2/2
Дата28.01.2023
өлшемі80,5 Kb.
#63391
түріБағдарламасы
1   2
Білім беру үдерісінде қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру – таңдалған тақырыптың күтілетін нәтижесі.
 Н.Назарбаевтың: «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны парықтап, бағалаудың бір құралын жетілдіру» деген сөзі тіл мамандарына бағыт – бағдар іспеттес. Ортақ мүддеміз де - осы.
Осы жасалған жұмыстардың жемісі ретінде оқушыларымның жетістіктерін де тізбелеп айта кетуді жөн көрдім. Лирикалық шығармаларды мәнерлеп оқу шеберлігімен және шығармашылық қабілетімен мектепішілік, аудандық, облыстық байқауларда танылып жүрген оқушыларым да аз емес. Олар 2008-2009 оқу жылында 6-сынып оқушысы Қуандықова Бақытқыз аудандық «Ертегілер елінде» атты байқаудың «Ең әсерлі ертегі» бөлімінде шығармашылық белсенділігімен көзге түсіп, 3-орынды иемденді.
«Мұқағали оқуларының» аудандық сайысында «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» ақын өлеңдерін жатқа оқу бөлімінде жаттау және мәнерлеп оқу шеберлігі үшін Сүлейменова Гүлнәз 2009-2010 оқу жылында 3-орын, 2010-2011 оқу жылында 2-орын иегері атанды. 2011-2012 оқу жылында 10-сынып оқушысы Сүлейменова Гүлнәз Қазақтың көрнекті ақыны Ж. Нәжімеденов шығармаларын насихаттауға арналған «Менің топырағым» атты II аудандық байқауында 1-орын, облыстық байқауда ақын шығармаларын жадыға оқып, сахналау шеберлігімен танылған жетістіктері үшін 2-орын иеленді.
2012-2013 оқу жылында Оралхан Бөкей атындағы аудандық «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауына қатысқаны үшін Оразғұлова Сәнімгүл Алғыс хатпен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында І аудандық жыршылар байқауының «Қайратты туған ер еді» бөлімінде жырды мақаммен жатқа орындағаны үшін 10-сынып оқушысы Төлеуғалиев Ақылбек 3-орын; Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ» атты аудандық фестивальда көркемсөз оқудан шеберлік танытқан 10-сынып оқушысы Қайрат Ләззат 3-орынды иеленді.
Жас дарын Тұрдыбаев Медет 2013 жылы Мұқағали оқуының аудандық сайысында «Әр сөздің тасасында асылым бар» жас дарындар бөлімінде өз шығармаларын орындап, шығармашылық қабілетімен танылғаны үшін 3-орын; 2015 жылы «Мағжан оқулары» аудандық байқауында «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімінде үздік төл шығармасын ұсынғаны үшін 2-орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
2015 жылы І Республикалық «Ақбөкен – қазақ даласының символы» байқауына «Киігім–киелім» атты төл шығармасын ұсынып, белсенділікпен қатысқаны үшін 7-сынып оқушысы Тұрдыбаев Медет Алғыс хатпен марапатталды.
2015 жылы аудандық «Менің елім–менің тарихым» атты шығармасын көркем тілмен жеткізе білген 10-сынып оқушысы Багитова Айсұлу Бас жүлде алып, дипломмен марапатталды.
2015 жылы 10-сынып оқушысы Багитова Айсұлу «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадасында «Жазушылар» бөлімінде шығармашылық ізденісімен ерекшеленгені үшін 3-орын иеленді.
Баяндамамды аяқтай келе, жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады дегендей, кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, Елбасы Н. Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз – бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», – деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет