«білім берудегі менеджмент»



бет4/18
Дата25.03.2023
өлшемі82,3 Kb.
#76103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Бақылау сұрақтары:
1. Менеджмент ұғымын түсiндіріңіз.
2. Менеджменттің негізгі қызмет түрлері.
3. Менеджменттің әдiстерi.


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шамова Т.И. Менеджмент в управлении школой. - М., 1992.-145 с.
2. Конаржевский Ю.А. Менеджмент и внутришкольное управление. - М.: Центр «Педагогика», 2000. – 224 с.
3. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: 50 НОУ-ХАУ в управлении педагогическими системами: Учеб.пособ.- 3-е изд., испр. и доп. - М.: Педагогическое общество России, 1999.- 430 с.
4.Третьяков П.И. Практика управления современной школой. - М., 1995.- 155 с.
5.Справочник менеджера образования. / Сост. В.С. Гиршович - М.: Пед. общество России. -2000. - 400 с.
6.Переосмысление развития сферы управления в новой Европе //Доклад Туринской группы, февраль 1998. – Алматы: ТАСИС, 1998. - 184 с.
7. Каренов Р.С. Кадровый менеджмент. - Алматы: Гылым,1998.-3 с.


2. Мектеп менджері іс-әрекетінің теориялық негіздері
Мақсаты: студенттерді мектеп менеджері ұғымымен және оның негізгі функцияларымен таныстыру.
Жоспары:

    1. Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері.

2.2 Мектеп менджерінің қызметі.


1. Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері.

Мектепті басқарудың мақсаты мен мазмұны, оның арнайы және жалпы


қызметі, әдістері, формалары және құралдары қоғамдағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың, сондай-ақ экономикалық заңдардың тікелей ықпалымен қалыптасады. Осылайша, “мектепті басқарудың тиімділігі белгілі әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие категориялармен бағалануы тиіс. Бұл басқару теориясының нақты-экономикалық пәндермен белсенді өзара әрекеті арқылы ғана мүмкін,- деп көрсетеді ғалым В.Г.Афанасьев.
Мектептің қызмет етуінің негізгі мақсаты – тұлғада өзіне де, қоғамға да қажетті белгілі қасиеттерді қалыптастыру, сондықтан да осы жүйені басқаруда әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық аспектінің ерекше роль атқаратынын естен шығармаған жөн.
Мектептi басқару теориясының объектiсi – барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың объектiсi – мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының іс-әрекетi (ұжым, пән бірлестіктері, үйірмелер, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң амал-тәсiлдерi – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiл, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру органдарының жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi – тәжірибені жетілдіру, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi – жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Мектеп басшыларының басқарушылық қызметi, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк жүктеледі. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады.
Өткен кезеңдегі барлық прогрессивті педагогтар (Н.А. Корф, Н.И. Пирогов, Н.Ф. Бунаков, К.Д. Ушинский және т.б.) мектеп басшысы қызметі педагогикалық сипатта болу керек деп есептеді. Бұл пікірмен қазіргі педагогтар да келіседі (М.И. Кондаков, В.П. Стрекозин, Ф.Г. Паначин және т.б.). мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары – олар өздері үздік мұғалімдер, педагогтар.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезенде жалпы қоғам дамуының үрдісіндегі білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген ой-толғаныстарды пайымдалып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда. XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, онда жаңа жүзжылдықты білім ғасыры болады деген қорытындының жасалуы куә. Бұл дүниежүзілік жиындарда осы жаңа ғасырдағы адамзат қауымдастығының жүйелі даму мәселесі тек қоғамның барлық мүшесін біліммен қамтамасыз етудің тең қүқықтық жағдайы шешілгенде, білім берудегі әлеуметтік-әділеттік ұстаным жүзеге асырылғанда ғана білім сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табады деген ортақ түйін жасалды.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз
XXI ғасыр-марғаулықты көтермейтін қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе, қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа бір сапалық өзгерістер болғаны абзал. Себебі, қазақ мектебі – мемлекеттің болашағы, ұлттың бесігі. Ендеше, қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы осы бесіктің тыныс-тіршілігіне, оны қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Елдігіміздің кепілі, мемлекетіміздің қауіпсіздігі, мемлекеттік тілдің бағы жануы, қоғамда ұлтаралық сыйластық, ынтымақ, бірлік сақталуы алғышарттарының бірі - қазақ мектебінің қуатты болуы екені дау тудырмас ақиқат. Сондықтан, мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астасып, бүкіл оқу-тәрбие үдерісіне негіз болуын ойластыру қажет.
Қазақ мектебіне мемлекет тарапынан қамқорлық жасау -кезек күттірмес мәселе. Қазақ мектебінің тарихын ұлт тарихынан бөле қарауға болмайды.
Білім беру мекеммесін-қазіргі заманға сай маман басқарып, стратегиялық жағынан көре білетін кәсіби тұғырланған адам келетін болса, білімнің мәні мен мазмұны артып, сапалы білім беріліп, адамдық каптиалдың деңгейі көтерілер еді. Осындай ұсыныстарды жүзеге асыратын болсақ, білім беруде айтарлықтай табыстарға жететеніиіз сөзсіз.
Өндірісті басқару теориясында басшы қызметінің педагогикалық аспектісі, оның еңбек ұжымына тәрбиелік әсері ескерілетіні заңдылық. Мектеп директоры қызметінің педагогикалық сипаты В.А.Сухомлинский еңбектерінде барынша анық көрсетілген: “...жақсы директор – ол, ең алдымен, жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт, бұл тек өзі сабақ беретін балаларға ғана қатысты емес, бұл мектептің барлық тәрбиешілері мен мұғалімдеріне қатысты”. Яғни, мектепті басқарушы бүгінгі таңда, білім менеджері ретінде анықталып, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде, дамытуда әлеуметтік және тұлғалық маңызды нәтижелерге жету үшін педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін орталықтандырумен толықтырылуы тиіс. Басшы өз әрекеттерін қызметкерлердің әрекеттерімен сәйкестендіреді, оның шешімі педагогикалық үдерістің өзге де субъектілерінің пікірімен позициясынан ұйғарылады.
Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулерде (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) басқарушылық қызметтің құрылым мен мазмұны, мәнi ашылған. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (Ю.К. Бабанский, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б.А. Әлмұхамбетов т.б.) жұмыстар жүргiзiледi. Мектептегі басқарудың жаңашылдық аспектiлерiн М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талдаған. Алайда, мектеп басшыларын мектептегi ақпараттарды ұйымдастыру мен басқаруға дайындаудың мәнi мен әдiстемесi педагогикалық ғылымда жеткiлiктi баяндалмаған.
Бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқарудың құрылымына енеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбие іс-шараларының қалыптасқан тәрбие стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды аса қажет етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет