Білім берудегі менеджмент


Тақырып 3. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары



бет10/41
Дата22.12.2023
өлшемі189,54 Kb.
#142920
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент

Тақырып 3. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Жоспар

  1. Педагогикалық менеджменттің жетекші заңдылықтары

  2. Басқарудағы талдау жасау

  3. Басқарудағы мақсаттылық

  4. Басқарудағы гуманистілік пен демократтық

Негізгі түсініктер: заңдылықтар, педагогикалық менеджмент заңдылықтары
Білім беру мекемелері өзіне қатысты бірнеше функцияларды атқарады, олардың ішінде мақсаттылық пен жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, жұмысты бақылау және талдау жасау сияқты түрлері жатады.
1) Мақсаттылық пен жоспарлау функциясы. Кез-келген педагогикалық процесті басқару функцияның осы түрінен басталады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста және даму үстінде болуына байланысты мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыру керек. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан, ол педагог пен оқушының әрекеттерін қамтуы тиіс. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, түрлері мен тәсілдерін анықтау болып табылады.
Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде міндетті түрі болып саналады. Тіпті қарапайым еңбек қызметіне де жоспарлау элементтері кіреді. Жоспарлау процесінде басқару дамуының негізгі бағыттары, олардың тиімділігі анықталады. Жоспарда нақты жағдайларды ұйымдастырудың ең тиімді нұсқасы көрсетіледі.
Жоспарлау процесінде қойылған мақсатқа жету үшін төрт нақты міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлауды қоғамды басқарудың функциясы ретінде төрт қосымша функция арқылы жүзеге асады:
- оқиғалардың дамуын болжау. Мұндағы болжаудың мәні – уақыттың әрбір бөлігінде болатын жүйе жағ-дайының сипаты мен маңызын ашу;
- үлгілеу – қойылған мақсатқа жету үшін жүйе іс-әрекетінің дәйектілігі мен өзара байланысын көрсетеді;
- бағдарламалау – бұл шешімдердің іс-әрекет бағдарламасы мен шешімді таңдау процесі. Оны жүйені жаңа тапсырылған жағдайға көшіру үшін пайдаланады;
- жоспарлау – жоспарды, яғни құрылған бағдарламаны аяғына дейін жеткізумен аяқталады.
2) Ұйымдастыру функциясы. Ұйымдастыру ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігіне берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Бұл функцияның мәні – өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру мен таңдауға байланысты. Ұйымдастыруға басқарылатын жүйенің техникалық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырудың қосымша жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар, ұйымдастыру функциясының көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объекттердің іс-әрекеттерін, яғни бағдарламада (өңдірістің даму жоспарында) койылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару түрін айқындайды.
Сонымен, ұйымдастыру функциясы өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-педагогикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет түрі болып табылады. Ұйымдастыру қызметі қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады.
3) Үйлестіру және реттеу функциясы. Бұл функция педагогикалық ұжымның, жеке жұмыскерлер мен қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін қиыстыруды қарастырады. Сонымен қатар білім беру мекемелерін басқару кезінде жағымсыз құбылыстардың әсерін жою және жұмысты реттеумен де айналысады. Үйлестіру және реттеу функциясының міндеті – мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, оны қолдап және әдістемелік көмек беру болып табылады.
4) Мекеменің жұмысын есепке алу функциясы. Алдын-ала құрылған жоспармен қарастырылған іс-шаралар мен тапсырмаларды орындаудың сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі.
Басқарудың есепке алу функциясы мыналарды ескереді:
- біріншіден, басқару объектісінің жай-күйі және оның іс-әрекетінің нәтижелері, қоршаған орта туралы мәліметтерді жинау және тіркеу;
- екіншіден, бұл мәліметтерді өлшеу және есептеу;
- үшіншіден, алынған мәліметтерді сақтау, оларды топтастыру.
Сонымен, есепке алудың мәліметтері шешім қабылдау, бақылау үшін қайталанады, сонымен бірге басқарудың жоғары тұрған органдарында жинақталады.
5) Жұмысты бақылау және талдау жасау функциясы. Бұған ұжымның барлық аспекттеріндегі әрекет жағдайы мен нәтижелерін, қабылданған шешім мен ұсыныстардың, сонымен қатар құжаттардың орындалуын бақылау және бағалау жатады.
Бақылау мазмұнында мына бағыттар қарастырылады:
- білім берудің ұйымдық-педагогикалық мәселелерін орындау;
- оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалу барысы және сапасы;
- білім сапасы, оқушылардың іскерлігі мен дағдысы;
- оқушылар тәрбиелілігінің деңгейі;
- білім, тәрбиен және оқытудың дамытушылық қызметін іске асыратын оқу пәндерінің берілуі;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сапасы;
- педагог кадрларымен жұмыс;
- оқушыларды тәрбиелеудегі мектеп, отбасы және ұжымның бірлескен әрекеттерінің тиімділігі;
- нормативті құжаттар мен қабылданған шешімдердің орындалуы.
Педагогикалық талдау басқару циклында ерекше орын алады. Бір-бірімен өзара байланысқан функциялар талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Мысалы жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу функцияларына талдау жасалмаса, ол логикалық қорытындыға жете алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет