Білім беруді ақпараттандыру құралдары
1 2 Байланысты:АКТ
Қорыта келе, ақпараттық технология құралдары білім беру үдерісінде қолдану – өзінің тәсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше әдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан, олар арқылы орындалатын оқу әрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, дәстүрлі оқыту кезінде оқушыға қалыптастыруға келмейтін арнайы іскерліктерді қалыптастырады. «Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын оқу орнында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Оқу кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2]. Информатика пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, I курс студенттеріне Дербес компьютердің құрылғыларымен, олардың жұмыс жасау принциптерімен жете таныстырудан басталады. Бұл блокта оқушылар негізгі құрылғылармен қосымша құрылғылар жайлы жалпы ақпарат үлгілеріміне танысады. Оқушылардың компьютердің құрылғыларын түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Құрылғыларға қатысты тоқталатын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың да алар орны зор. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы құрылғының суретін көре отырып соған байланысты мәліметтерді таныстырып, осы құрылығының шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Жоғары топтадағы олардың ішкі және сыртқы бөліктерін толығымен қамтып, оларға оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, құрылғының жете түсінуін оқуға аптасына екі немесе үш сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады. Информатика сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды. Мәселен, сабақта олардың жасап шығарған ғалымдардың еңбегімен танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып бойынша терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл топты таныстыру мақсатында балалар сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп шығарады. Содан соң бұл фильмді сабақ үстінде топ назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады [3]. Информатика сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Құрылысы мен жұмыс жасау принциптерін оқытуда компьютерді пайдаланудың өз реті болады.Мысалы, 1. Информатика пәнін оқыту барысында бірнеше ақпараттарды қарастырып анықтап шығады. 2. Құрылғылардың түрі көрсетіліп, сол туралы толық мағлұмат беру. 3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады. жүктеу/скачать 30,52 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |