Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы



Дата29.04.2023
өлшемі18,72 Kb.
#88383
Байланысты:
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы


Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді.
7) инклюзивті білім беру – барлық тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
3. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныптарында саны әрбір жасқа үш адамнан аспайтын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту қарастырылады. Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болған жағдайда топты жасақтаудың ара қатынасы үш тәрбиеленушіге бір ерекше білім беру қажеттіліктері бар баладан іске асырылады.
6. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарлама әзірленеді.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі: 1) дене шынықтыруды (ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге арналған бейімделген дене шынықтыру);
6) білім беру қызметі – білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру субъектілерінің мақсатқа бағытталған, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
12) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
42. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушыларсаны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда: 1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша; 2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша; 3) шетел тілі бойынша; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларбойынша; 5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады. 43. Инклюзивті білім беру шеңберінде 42-тармақта көрсетілген пәндер бойынша сыныпты топтарға бөлу әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға сынып толымдылығындағы білім алушылардың жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
48. Сыныпта ерекше білім беруқажеттіліктері бар балалар болған жағдайда сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
62. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін де ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады.
67. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы үшін, даму бұзушылықтарын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
8) ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
11) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
16) оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
6) балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
9. Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру./50 бет
14. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі.
56. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-да (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер білім алушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескере отырып белгіленеді
65. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына бағытталады.
69. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке даму траекторияларын қалыптастыруға және олардың оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен қол жеткізуге ілгерілеуіне мүмкіндік жасайды
77. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді, сонымен бірге білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі.
80. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін олардың білім алуына, даму бұзушылықтарын түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.
8) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділік үшін жағдайлар жасау;
74. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен жетуге жағдай жасайды.
3) ТжКБ нің арнайы оқу бағдарламасы – психологиялық-медициналықпедагогикалық консультациялар (кәмелетке толмағандар үшін) мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың (кәмелетке толғандар үшін) ұсынымдары ескеріле отырып анықталатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды кәсіптік оқытуға және дамытуға бағытталған оқу бағдарламасы;
2) мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, базалық білімі бар инженер-педагог кадрлармен қамтамасыз етіледі. Өндірістен мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі базалық білімі бар білікті мамандарды тартуға рұқсат етіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуға арналған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыруды оқу процесін қадағалайтын мамандар қамтамасыз етеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін психофизиологиялық ерекшеліктері мен қабілеттеріне байланысты білім беру бағдарламасының жартылай немесе толық мазмұнын білдіретін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс оқу жоспарларында әр пән және (немесе) модуль бойынша оқу уақыты көлемінің 15%-ына дейін жеке оқытуға арналад
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары, олардың психикалық-дене дамуының және жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланады.
Оқу жұмыс жоспарларының негізінде тьютордың көмегімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары жасалады
. Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты өзі анықтайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, практикалық жұмысты тапсыру нысанында өткізіледі.
3) мемлекеттік үлгідегі құжат бере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы оқу бағдарламасы толық аяқталған кезде нақты мамандық бойынша жұмыс біліктілігін беру рұқсат етіледі.
22) тьютор – білім алушылардың даярлық деңгейін қамтамасыз ететін оқу процесін даралау (жеке оқу жоспарын құру және білім беру-кәсіби треакториясын жоспарлау) үшін жағдайлар жасайтын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың тәлімгерлік функциясын атқаратын маман;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған жеке оқу жоспары олардың психофизикалық дамуының ерекшеліктерін, жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді. Тьютордың көмегімен ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға арналған жұмыс оқу жоспарлары негізінде жеке оқу жоспары жасалады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет