Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет2/3
Дата18.06.2022
өлшемі75,03 Kb.
#37018
1   2   3
Байланысты:
Білім беруді барлы де гейіні мемлекеттік жалпы а міндетті біл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармағына сәйкес әзірленді және мыналарға:
1) оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
2) тәрбиленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
3) тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне;
4) оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
1) ата-аналар дағдылары – баланың дене, зияткерлік және эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, оның әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, тиісті мінез-құлықты қалыптастыру үшін қажетті дағдылар;
2) әлеуметтендіру – қоғамда толыққанды өмір сүру үшін қажетті білім, білік, дағдыларды, нормаларды, қағидаларды меңгеру арқылы баланың әлеуметтік ортаға ену процесі;
3) әлеуметтік дағдылар – бала мектепке дейінгі жаста меңгеретін өзара әлеуметтік әрекеттің әдістері мен тәсілдері;
4) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөлімдерінің арасындағы байланысты орнататын процесс;
5) ерте дамыту – баланы туғаннан бастап үш жасқа дейін дене, зияткерлік және эмоционалдық дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) заттық-кеңістіктік дамытушы орта – мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі;
7) инклюзивті білім беру – барлық тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
8) күн тәртібі – баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты тиімді бөлу және түрлі іс-әрекет пен демалыстың дұрыс өзара бірізділігі;
9) күту – ерте жастағы балаларға күтім жасау, тамақтандыру, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
10) оқыту нәтижесі – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
11) өз бетінше үйрену дағдылары – баланың дербес және ересектердің басшылығымен қоршаған ортаны тануда және мектепте оқуға табысты дайындалуда жинақтаған дағдылары;
12) үлгілік оқу бағдарламасы – әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша меңгеруге тиіс білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
13) үлгілік оқу жоспары – жас топтары бойынша бір аптадағы ұйымдастырылған оқу қызметінің тізімін, көлемін, ұзақтығын реттейтін құжат;
14) ұйымдастырылған оқу қызметі – білімді игеруге, біліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған педагог пен тәрбиеленушілердің бірлескен әрекеті;
3. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныптарында саны әрбір жасқа үш адамнан аспайтын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту қарастырылады. Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болған жағдайда топты жасақтаудың ара қатынасы үш тәрбиеленушіге бір ерекше білім беру қажеттіліктері бар баладан іске асырылады.
2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
4. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен орта білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары білім беру қызметін:
1) "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі - үлгілік оқу жоспарлары);
2) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі - үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.
5. Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны:
1) оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз етуге;
3) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құруға;
4) қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыруға;
5) тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасауға;
6) тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындықты;
7) ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
6. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарлама әзірленеді.
7. Оқытудың нәтижелері көрсеткіштер ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады.
8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларына негізделген.
9. "Денсаулық" білім беру саласы.
"Денсаулық білім беру саласының мақсаты денсаулығы мықты, дене бітімі дамыған баланы тәрбиелеу, тәрбиеленушілердің бойында өз денсаулығына саналы түрде қарауды қалыптастыру болып табылады.
"Денсаулық" білім беру саласына ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін игеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларды, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, түрлі қимылды ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен танысу енгізілген.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында, төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға; шығармашылық, танымдық, тілдік қабілеттерді қолдана отырып, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс тәжірибесін байытуға бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) дене шынықтыруды (ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге арналған бейімделген дене шынықтыру);
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қамтиды.
10. "Қатынас" білім беру саласы.
"Қатынас" білім беру саласының мақсаты ауызекі сөйлеуді қалыптастыру, өмірдегі түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын игеру, оқу мен жазудың алғышарттарын қалыптастыру болып табылады.
"Қатынас" білім беру саласы тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде балалар әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі және байланыстырып сөйлеуді, мәнерлеп оқу мен мазмұндауды, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, белсенді сөздік қорын байытуды, тілдік нормаларды игеруді, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің бірін дамытуды қамтиды.
"Қатынас" білім беру саласының мазмұны коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамытуға, балалардың түрлі іс-әрекетінде ауызекі сөйлеуді дамытуға, сөздік қорды байытуға, балалар әдебиетіне қызығушылықты дамытуға бағытталған.
"Қатынас" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сөйлеуді дамытуды;
2) көркем әдебиетті;
3) сауат ашу негіздерін;
4) қазақ тілін (орыс тілінде оқытатын топтарда), орыс тілін (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірін;
5) драманы;
6) Әліппені қамтиды.
11. "Таным" білім беру саласы.
"Таным" білім беру саласының мақсаты мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл жасаудағы қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруі үшін дамыту болып табылады.
"Таным" білім беру саласы санау дағдыларын, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар мен конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары туралы білімдерді кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сенсориканы (1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбек жасы топтарында), математика негіздерін;
2) құрастыруды;
3) жаратылыстануды қамтиды.
12. "Шығармашылық" білім беру саласы.
"Шығармашылық" білім беру саласының мақсаты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерді, сезімдік-эмоционалдық саланы, қиялды, ойлауды, көркем талғамды дамыту болып табылады.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды, өнер түрлері туралы қарапайым ұғымдарды, тәрбиеленушілердің дербес шығармашылық іс-әрекетін іске асыруды қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сурет салуды;
2) мүсіндеуді;
3) жапсыруды;
4) музыканы қамтиды.
13. "Әлеумет" білім беру саласы.
"Әлеумет" білім беру саласының мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды қолайлы әлеуметтендіру, балаларды мәдени-әлеуметтік нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу болып табылады.
"Әлеумет" білім беру саласы әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын игеруді, қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін, дербестігін тәрбиелеуді, өзінің отбасы мен құрбыларына жақындық сезімін, оларға құрметпен қарауды, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыруды, қазақ халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, мәдениетін білу мен құрметтеуді, Қазақстан біздің ортақ үйіміз екені туралы түсініктерін кеңейтуді, еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды қамтиды.
Ерте жастағы тәрбиеленушілерде отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру баланың өмірін қорғауға және денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік қабілеттер мен дағдыларды: мәдени-гигиеналық біліктер мен дағдыларды меңгеруге, тәртіп ережелерін үйретуге, күн тәртібіне дағдыландыруға, когнитивтік функцияларды дамытуға (алдында туындаған қиындықтарды көре білу, көңіл-күйінің, эмоционалдық жағдайының өзгеруін көру), тұлғааралық қатынастарды құрудың негізі болып табылатын этикалық нормаларды үйретуге, отбасында және мектепке дейінгі ұйымда балалардың бір-біріне мейірімді болуына, көңіл бөлуге, қамқорлық жасау және бір-біріне көмектесу жағдайын құруға, жеке тұлғаның жайлы әлеуметтенуіне, эмоционалдық-адамгершілік қарым-қатынас тәжірибесін жинақтауға, балалар қызметінің әр түрінде тәрбиелеу дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
"Әлеумет" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) өзін-өзі тануды;
2) қоршаған ортамен танысуды;
3) экология негіздерін қамтиды.
3- тарау. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
14. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар Үлгілік оқу жоспарларында белгіленеді.
15. Жас топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің аптадағы жалпы көлемі келесі:
1) ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 7 сағат;
2) І кіші топ (2-3 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 9 сағат;
3) ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар) –ұзақтығы 7-15 минуттан 11 сағат;
4) ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) –ұзақтығы 15-20 минуттан 12 сағат;
5) ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) –ұзақтығы 25-30 минуттан 17 сағат;
6) орта білім беру ұйымындағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар) –ұзақтығы 25-30 минуттан 20 сағат.
4-тарау. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
16. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушісі Үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген әрбір білім саласындағы жас топтары мен ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша меңгеруге тиісті білім, білік, дағдылар көлемін және құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс.
17. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тәрбиеленушінің жасына сәйкес оның жетістіктерін мониторингілеу негізінде үлгілік оқу бағдарламасында күтілетін нәтижелер түрінде анықталған:
1) бірінші деңгей – бала осы немесе басқа білім мен әрекетті жаңғыртады;
2) екінші деңгей – бала белгілі бір білім қорына ие және өзінің әрекетін түсінеді;
3) үшінші деңгей – бала өзінің білетіні мен қолынан келетінін қолданады, білім, білік, дағдыларды дербес және шығармашылықпен қолданады.
18. Мектепке дейінгі ұйымның және орта білім беру ұйымдарының мектепалды сыныбы түлегі келесідей сапаларды меңгеруі тиіс:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) өзіне сенімді және белсенді;
4) эмоционалды елгезек;
5) әлеуметтік дағдыларды және ересектермен, құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасаудың, өз бетінше үйренудің дағдылары мен әдістерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) орта білім беру ұйымында оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген.
19. 1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында берілген.
20. 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының тізбесі осы стандарттың 2-қосымшасында берілген.
5 тарау. Оқыту мерзіміне қойылатын талаптар
21. Жас кезеңдері және жас топтары мынадай:
1) бөбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:
нәрестелік жас - туғаннан бастап 1 жасқа дейін;
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 (7) жасқа дейін:
кіші мектепке дейінгі жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдардағы ересек топ, 6 жастан 7 жасқа дейін – орта білім беру ұйымындағы мектепалды даярлық сыныбы).
1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 (6) жыл.
22. Жас кезеңдері мен жас топтары мынадай:
1) бөбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:
нәрестелік жас – туғаннан бастап 1 жасқа дейін;
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 жасқа дейін:
мектепке дейінгі орта жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (мектепке дейінгі ұйымдағы ересек топ), 5 жастан 6 жасқа дейін – мектепалды даярлық тобы (мектепке дейінгі ұйымда), мектепалды даярлық сыныбы (орта білім беру ұйымында).
1 жастан 6 жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің үлгілік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл.


Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

1 жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының тізбесі





Бөбек жас (туғаннан бастап 3жасқа дейін)

Мектепке дейінгі жас (3 жастан 6 (7) жасқа дейін)

Рет №

Дағдылар тізбесі

Бөбек жас (туғаннан бастап 1 жасқа дейін)

Ерте жас (1 жастан бастап 2 жасқа дейін)

Кіші жас (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі кіші жас (3 жастан бастап 4 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі орта жас (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі ересек жас (5 жастан бастап 6 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі ересек жас (6 жастан бастап 7 жасқа дейін)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Денсаулық сақтау дағдылары

1

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Тамақты көргенде қимылдайды. Ыдысты ұстауға көмектеседі, ұстайды.

Өз еркімен қасықпен тамақ ішеді, ересектің көмегімен киінеді, түбекке сұранады, оның орнын біледі және уақытында қажеттілігін айтады.

Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.

Жеке бас гигиенасының ережелерін біледі және сақтайды.

Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі.

Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды.

Гигиеналық шараларды орындауда өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларына ие, шынықтырудың барлық әдістерін біледі және орындайды.

2

Дене шынықтыру

Ересектердің саусақтарынан ұстайды. Заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады.

Берілген бағытта жүре алады, жүгіре алады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенді және төмен түскенді ұнатады.

Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгереді.

Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.

Өмірлік маңызы бар қимылдарды өздігінен орындай алады.

Негізгі қимыл түрлерін орындау кезінде шығармашылық танытады.

Жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, негізгі қимыл түрлерін орындай алады.

3

Дербес қимыл белсенділігі

Сүйене отырып заттың үстіне шығады, айналаға қарайды, контейнерден заттарды алады, суды шашыратады.

Қатар отырып ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейін аударатын заттарды өз бетінше таба алады.

Шағын топта бірге ойнай алады.

Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтайды.

Өз бетінше түрлі ойындар ойнайды, барлық ойын ережелерін сақтайды.

Балалар тобымен қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын біледі.

Қимылдарды еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтай алады. Қозғалыс әрекетінде қарапайым өзін-өзі бақылауы қалыптасады.

4

Салауатты өмір салты

Өзін жұбату және ұйықтау қабілеттерінің жоғарылағанын көрсетеді.

Күн тәртібін орындайды.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.

Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.

Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды.
Өсімдіктермен, жануарлармен, жәндіктермен не істеуге болатынын біледі.

Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды. Шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді.

Ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін біледі. Күн тәртібін сақтайды.

Коммуникативтік-тілдік дағдылар

1

Қарым-қатынас мәдениеті

Дыбысқа және оның дереккөздеріне назар аударады.
Былдырлайды және дыбыстарға еліктейді.

Жаңа сөздерге еліктейді; таныс заттардың және қимылдардың жеңілдетілген атауларын, алғашқы толық сөздерді қолданады.

Өзінің құрбыларымен және жақындарымен қарым-қатынасқа түсе алады.

Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап береді.

Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады және олардың өтініштерін орындайды.

Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды.

Тілдесу ережелерін: сөзсіз тілдесу құралдарын, сөйлесу әдебін меңгерген.

2

Тілдің грамматикалық құрылымы

-

Қарапайым сөздерді қолданады және заттар мен қимылдарды қарапайым сөздермен атауды біледі.

Түсінікті болу үшін өз ойын дұрыс жеткізе алады.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады.

Сөйлеу тіліне сыни көзқарас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады.

Сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыра алады.
Сөйлеуде таныс сөздердің күрделі түрлерін қолданады.

3

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Оның есімін атағанда ыммен немесе дауысымен жауап береді.

Дауысты дыбыстарды және артикуляциялық қатынаста дауыссыз дыбыстарды жеткілікті түрде анық айта алады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.

Сөздердің қалай айтылатынын тыңдап, оларды анық айтады.

Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады.

Дыбыстарды саралай отырып, интонациялық мәнерлеудің әртүрлі тәсілдерін қолданып, сөздерді белсенді қолданып ойнай алады.

Дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айта алады, жіктей алады, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыра алады.

4

Сөздік қор

Қимылдарға, басқа ымдар мен дыбыстарға еліктейді.

Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін қайталайды.
Жануарлардың дыбыстарына еліктейді.

Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді.

Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды.

Жағдайды көрмей-ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады.

Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналылығын түсінеді.

Сөзжасам дағдыларын игерген. Заттардың белгілері мен сапа ларына сүйене отырып, сөздің мағынасын түсіндіре және қолдана алады.

5

Байланыстырып сөйлеу

-

Қысқа сөз тіркестері мен сөздерді қолданып, өтініш жасай алады, тапсырманы мұқият тыңдайды және оны дұрыс орындайды.

Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.

Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру кезінде сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген.
2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе алады.

Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады.

Берілген тақырып, сурет бойынша жалаң және жайылма сөйлемдерді қолдана отырып, байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыра алады.

6

Шығармашылықпен тілдік қызмет

Шаршаған немесе ренжіген кезде өзін құшақтаудың, еркелетудің қажет екенін ыммен білдіреді.

Ойыншықтармен қойылатын күрделі емес шағын сахналық қойылымдарды түсінеді, ойыншықтардың әр қимылына еліктейді.

Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа
айтады.

Кейіпкерлердің мінезін жеткізу үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады.

Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар туралы шағын әңгімелер құрастырады.

Оқиғаларды құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданады және түсінеді.

Түрлі оқиғаларды мазмұндап айта алады, ертегілерді ойдан құрастыра алады, ойында сөз және өлең ұйқастарын құрастыруға қызығады.

7

Шығармаларды қабылдауы

Қысқа тақпақтар мен тіл жаттығуларын тыңдайды және оған көңіл-күймен жауап береді.

Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді.

Халық ауыз әдебиеті туындыларына эмоционалды үн қатады.

Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді.

Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады.

Кітапқа қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи біледі.

Көргеніне сүйене отырып, таныс шығармалардың мәтінін мазмұндайды.

8

Сауат ашу негіздері

-

-

-

-

-

Үш дыбысты сөздерге талдау жасай алады. Буындарды ажыратады.

Дыбыстарды айтуда және дыбыстық талдауда білімін қолданады.
Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарды сипаттайды.

Танымдық дағдылар

1

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті.

Біртекті заттарды бір белгісі бойынша (көлемі, пішіні) топтастыра біледі.
Негізгі төрт түсті ажырата алады.

Заттардың негізгі түстерін, пішінін, көлемін, сипатын ажыратады.

Салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды.

Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды.

Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастырады.

Адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы білімді меңгереді.

2

Қоршаған ортаны тану

Әртүрлі тәсілдермен заттарды зерттейді (яғни лақтырады, шашады, басқалардың әрекетін бақылайды).

Өзі, отбасы туралы білімге ие. Айналасындағы жануарларды, өсімдіктерді және заттарды таниды.

Адамдарға, олардың әрекетіне ерекше қызығушылық танытады.

Табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды.
Бағдаршам белгілерін түсінеді және атайды.

Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдегі қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді.

Танымдық міндеттерді көрнекі-қимылдық және көрнекі-үлгілік түрде шеше алады, жүйелей және топтастыра алады.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу қабілетіне ие.

Қоршаған ортадағы объекетілердің ерекше және маңызды белгілерін бөліп көрсете отырып, олар туралы түсініктерді жалпылай біледі

3

Құрастыру дағдылары

Қимылдарды орындаудың түрлі әдістерін жасауға тырысады.

Ересектердің көмегімен қарапайым құрастырылымдарды құрастыра біледі.

Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды қайталап жасайды
(үстіне, жанына, астына қоя алады).

Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, құрылыс материалдарын қолдана біледі.
Оның негізгі бөлшектерін біледі және атайды.

Құрылыс материалдарын өз бетінше таңдайды, өзі құрастыруға тырысады.

Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген және түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдерді қолданады.

Жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым үлгілерін жасай алады.

4

Экологиялық мәдениет негіздері

Табиғат әлемін жағымды қабылдайды, қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарларды аңғарады.

Тіршілік иелерін, өсімдіктерді ажырата алады, оларға қызығушылық танытады.

Жануарлар әлеміне мейірімділік пен ұқыптылық танытады.

Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындай алады.

Табиғатта өзін-өзі ұстаудың кейбір нормаларын меңгереді.

Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің белгілері мен қасиеттерін, жануарлардың тіршілік ету ортасын біледі.

Болмашы ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата біледі және атай алады.
Табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп-баптай біледі.
Күнделікті өмірдің жаңа жағдайларында қауіпсіздікті сақтай алады.

5

Қарапайым математикалық ұғымдар

Әртүрлі көлемдегі және пішіндегі ойыншықтармен немесе заттармен ойнайды.

Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.

Кеңістікті бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.

Уақыт, кеңістік туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады.

Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең), жылдам, баяу түсініктерін біледі.

Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі.

Түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктей алады, сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын меңгереді, қисынды ойлау тәсілдерін біледі.

6

Ізденіс және экспери-менттік әрекет

Заттарды зерттеуге қызығушылық танытады, жаңа заттармен танысады немесе зерттейді. Заттарды көбінесе қолданылуына қарай емес, өлшемі бойынша салыстырады.

Әртүрлі пішіндегі ойықтарға (тесіктерге) сәйкес заттарды салуды біледі.

Әртүрлі заттармен әрекет жасай (ажырата, жалғай, құрастыра) алады.

Таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады.

Мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, үлгі жасай алады және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата біледі.

Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады.

Нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя біледі, нәтижеге жете алады.

7

Ақпаратпен жұмыс

Айнадағы бейнесін бақылайды және қызығушылық танытады.

Ақпаратты сезім мүшелерінің (сезім, иіс сезу, жанасу түйсіктері арқылы) көмегімен алады .

Әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады.

Қызықты ақпаратты анықтайды.

Жаңа ақпарат алу қажеттігін түсінеді.

Жаңа ақпаратты қызығушылық танытқандарға қалай ұсынуды біледі және түсінеді.

Алған ақпаратқа талдау жасайды, оны саналы түрде қолдана алады.

Шығармашылық дағдылар

1

Музыкалық әрекет

Ересек адаммен көңілді ойын ойнағанда қуанады, дабылдың соғылғанын көргенде, заттың бетін ұрады.
Музыкалық құралдармен әрекет
жасайды.

Әнді орындау барысында қарапайым қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады.

Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады.

Музыкалық шығарманың қарқынын, жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады.

Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; би, музыкалық- ырғақты қимылдарды орындайды.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді ойдан шығарып айту қабілетіне ие.

Музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алады. Балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқанда, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алады.



2

Өнімді әрекет

Ашық түсті заттарға, картиналарға, гүлдерге эмоционалды үн қатады (аузына салады, басын изейді, тоқылдатады, ұрады,
лақтырады).

Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады (бояу, маркер, борлар, қарындаштар); дөңгелек, жалпақ пішіндерді мүсіндейді.

Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу).
Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады.

Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игереді.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері).

Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады.

Түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдана алады, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтырады және әсемдей алады.

3

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау

- -----

Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады,
куанады.

Халық ойыншықтарын қарастыру кезінде эмоционалды түрде қуанышын көрсетеді.

Бейнелеу өнерінің түрлеріне қызығушылық танытады, материалдарды ұқыпты қолданады.

Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады. Би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдайды, қоршаған әлемнің әсемдігін байқайды.

Сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздей алады, жұмыста материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығына эмоционалды түрде мән береді.

Қарастырған заттарының бояуының қанықтылығының (фактурасы) маңыздылығы туралы түсінігі бар.
Өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасау дағдысына
ие.

Әлеуметтік дағдылар

1

Мәдени мінез-құлық дағдылары

Сәлемдескенде, қоштасқанда жауап қайтарады.

Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындайды.

Мінез-құлық нормалары мен қағидаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу, ризашылық сөздерін қолданады.

Адами қарым-қатынас туралы білімді меңгерген, эмоционалдық жай-күйді түсінеді.

Айналадағы және жақын адамдарға қамқорлық көрсетеді.

Қажетті жағдайларда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектеріне құрметпен қарайды.

Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын, әдеп, табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелерін біледі.

2

Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет

Отбасы мүшелерін таниды. Ересектермен жағымды қарым-қатынаста бола отырып күледі, қол бұлғайды немесе күлімсірейді.
Қарым-қатынас жасауда ұнату, жақтырмау сезімін білдіреді.

Ойын-сауықтар мен әртүрлі ойындарда ересектермен әрекет етеді.
Ересектерді ынтамен тыңдайды және қарапайым тапсырмаларды орындайды.

Жақындарына, құрдастарына бауырмалдық, тілектестік сезім танытады.

Құрдастарымен тұрақты ойын топтарына қосылады және танымдық тақырыптарда ересектермен және құрдастарымен тілдесе алады.

Ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындайды. Құрдастарының арасында өзінің орнын, өзінің "Мен"-ін сезінеді.

Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады.

Ересектермен бірлескен әрекетке жұмыла алады, пайдасын тигізуге және оған қанағаттануға тырысады.

3

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Алғашқы эмоцияларын білдіреді.
Көмек қажет болғанда дененің қозғалысын және дыбысты қолданады.

Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу және өзінің қалауын білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады.

Ненің "жақсы", ненің "жаман" екенін біледі және түсінеді.

Өзінің әрекеттерін, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалай алады.

Адамгершілік нормалары мен қоғамдағы мінез-құлық ережелерін сақтайды.

Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын сақтайды, жақсы істерге қуанады, рахаттанады, моральдік нормалар бұзылғанда уайымдайды.

Өзінің және басқа халықтардың әдептілік нормалары мен олардың құндылығын біледі, түсіністік, төзімділік танытады.
Әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынас жасау біліктілігіне ие, қоғамдық тәртіп сақтау қағидаларының коммуникативтік дағдыларын меңгереді.


Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының тізбесі







Бөбек жас (туғаннан бастап 3жасқа дейін)

Мектепке дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін)

№ п/п

Дағдылар тізбесі

Бөбек жас (туғаннан бастап 1 жасқа дейін)

Ерте жас (1 жастан бастап 2 жасқа дейін)

Кіші жас (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі орта жас (3 жастан 4 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі ересек жас (4 жастан 5 жасқа дейін)

Мектепке дейінгі ересек жас (5 жастан 6 жасқа дейін)

1

2

3

4

5

6

7

8

Денсаулық сақтау дағдылары

1

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Тамақты көргенде қимылдайды. Ыдысты ұстауға көмектеседі, ұстайды.

Өз еркімен қасықпен тамақ ішеді, ересектің көмегімен киінеді, түбекке сұранады, оның орнын біледі және уақытында қажеттілігін айтады.

Жеке бас гигиенасының алғашқы дағдыларын меңгереді.

Жеке бас гигиенасының ережелерін біледі және сақтайды.

Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі.

Гигиеналық шынықтыру шараларын өздігінен орындайды.

2

Дене шынықтыру

Ересектердің саусақтарынан ұстайды. Заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады.

Берілген бағытта жүре алады, жүгіре алады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенді және төмен түскенді ұнатады.

Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгереді.

Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.

Өмірлік маңызы бар қимылдарды өздігінен орындай алады.

Негізгі қимыл түрлерін орындау кезінде шығармашылық танытады.

3

Дербес қимыл белсенділігі

Сүйене отырып заттың үстіне шығады, айналаға қарайды, контейнерден заттарды алады, суды шашыратады.

Қатар отырып ойнай алады, кеңістіктегі ашық, зейін аударатын заттарды өз бетінше таба алады.

Шағын топта бірге ойнай алады.

Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтайды.

Өз бетінше түрлі ойындар ойнайды, барлық ойын ережелерін сақтайды.

Балалар тобымен қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын біледі. Қимыл белсенділігіне қарапайым өзіндік бақылауы қалыптасады.

4

Салауатты өмір салты

Өзін жұбату және ұйықтау қабілеттерінің жоғарылағанын көрсетеді.

Күн тәртібін орындайды.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.

Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды.

Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды.
Өсімдіктермен, жануарлармен, жәндіктермен не істеуге болатынын біледі.

Қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде орындайды.
Шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді. Күн тәртібін сақтайды.

Коммуникативтік-тілдік дағдылар

1

Қарым-қатынас мәдениеті

Дыбысқа және оның дереккөздеріне назар аударады.
Былдырлайды және дыбыстарға еліктейді.

Жаңа сөздерге еліктейді; таныс заттардың және қимылдардың жеңілдетілген атауларын, алғашқы толық сөздерді қолданады.

Өзінің құрбыларымен және жақындарымен қарым-қатынасқа түсе алады.

Ересектердің сөзін түсінеді. Сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап береді.

Ересектермен, балалармен қарым-қатынасқа түсе алады және олардың өтініштерін орындайды.

Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін біледі және оларды сақтайды.

2

Тілдің грамматикалық құрылымы

-

Қарапайым сөздерді қолданады және заттар мен қимылдарды қарапайым сөздермен атауды біледі.

Түсінікті болу үшін өз ойын дұрыс жеткізе алады.

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Ересектердің сұрақ қоюы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді үйлесімді құрастыра алады.

Сөйлеуге сыни қарым-қатынас таныта алады, грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады.

3

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Оның есімін атағанда ыммен немесе дауысымен жауап береді.

Дауысты дыбыстарды және артикуляциялық қатынаста дауыссыз дыбыстарды жеткілікті түрде анық айта алады.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.

Сөздердің қалай айтылатынын тыңдап, оларды анық айтады.

Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады.

Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. Интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады.

4

Сөздік қор

Қимылдарға, басқа ымдар мен дыбыстарға еліктейді.

Ересектердің айтқан сөздері мен сөз тіркестерін қайталайды.
Жануарлардың дыбыстарына еліктейді.

Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді.

Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды.

Жағдайды көрмей-ақ сөздерді қолданып, сөйлеуде етістіктерді белсенді қолдана алады.

Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді.

5

Байланыстырып сөйлеу

-

Қысқа сөз тіркестері мен сөздерді қолданып, өтініш жасай алады, тапсырманы мұқият тыңдайды және оны дұрыс орындайды.

Тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.

Табиғаттың тірі және өлі нысандарын бақылау, суреттерді, заттарды қарастыру кезінде сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Диалогтік сөйлеудің, тілдесудің негізгі формасын меңгерген.
2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе алады.

Әртүрлі сөз таптарын, эпитеттер мен салыстыруларды қолдана отырып, монолог құра алады.

6

Шығармашылықпен тілдік қызмет

Шаршаған немесе ренжіген кезде өзін құшақтаудың, еркелетудің қажет екенін ыммен білдіреді.

Ойыншықтармен қойылатын күрделі емес шағын сахналық қойылымдарды түсінеді, ойыншықтардың әр қимылына еліктейді.

Саусақ ойындарына арналған тақпақтарды жатқа
айтады.

Кейіпкерлердің мінезін жеткізу үшін интонациялық мәнерлеудің қарапайым түрлерін қолданады.

Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар туралы шағын әңгімелер құрастырады.

Оқиғаларды құрастыра алады, астарлы және ауыспалы сөздерді қолданады және түсінеді. Ұйқас және сөздік ойыңға қызығушылық танытады.

7

Шығармаларды қабылдауы

Қысқа тақпақтар мен тіл жаттығуларын тыңдайды және оған көңіл-күймен жауап береді.

Тиісті суреттерді қолдана отырып шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінеді.

Халық ауыз әдебиеті туындыларына эмоционалды үн қатады.

Түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді.

Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады.

Кітапқа қызығушылық танытады, өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи алады.

8

Сауат ашу негіздері

-

-

-

-

-

Үш дыбысты сөздерге талдау жасай алады. Буындарды ажыратады.

9

Оқу және жазу

-

-

-

-

-

Ауызекі сөйлеуі мен фонематикалық естуі дамыған. Жай сөйлемдегі сөздердің, сөздегі буындардың санын анықтайды. Сөзге дыбыстық және дыбыстық-әріптік талдау жасай алады. Әліпбидегі әріптерді біледі. Жазудың қарапайым дағдыларын меңгерген: қарындаш, қалам ұстай алады, сурет салады, сызықтар салады, әріптерді бастырады, әріптердің элементтерін жазады. Дәптердің бетінде бағдарлай біледі.

Танымдық дағдылар

1

Заттардың қасиеттерін бағдарлау

Заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті.

Біртекті заттарды бір белгісі бойынша (көлемі, пішіні) топтастыра біледі.
Негізгі төрт түсті ажырата алады.

Заттардың негізгі түстерін, пішінін, көлемін, сипатын ажыратады.

Салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды.

Заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды.

Танымдық әрекет ретінде заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастырады.

2

Қоршаған ортаны тану

Әртүрлі тәсілдермен заттарды зерттейді (яғни лақтырады, шашады, басқалардың әрекетін бақылайды).

Өзі, отбасы туралы білімге ие. Айналасындағы жануарларды, өсімдіктерді және заттарды таниды.

Адамдарға, олардың әрекетіне ерекше қызығушылық танытады.

Табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды.
Бағдаршам белгілерін түсінеді және атайды.

Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдегі қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді.

Танымдық міндеттерді көрнекі-қимылдық және көрнекі-үлгілік жоспармен шеше алады, жүйелей және топтастыра алады.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу қабілетіне ие.

3

Құрастыру дағдылары

Қимылдарды орындаудың түрлі әдістерін жасауға тырысады.

Ересектердің көмегімен қарапайым құрастырылымдарды құрастыра біледі.

Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды қайталап жасайды (үстіне, жанына, астына қоя алады).

Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, құрылыс материалдарын қолдана біледі.
Оның негізгі бөлшектерін біледі және атайды.

Құрылыс материалдарын өз бетінше таңдайды, өзі құрастыруға тырысады.

Құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін меңгерген және түрлі нәтиже алу үшін бір және бірнеше тәсілдерді қолданады.

4

Экологиялық мәдениет негіздері

Табиғат әлемін жағымды қабылдайды, қоршаған ортадағы өсімдіктер мен жануарларды аңғарады.

Тіршілік иелерін, өсімдіктерді ажырата алады, оларға қызығушылық танытады.

Жануарлар әлеміне мейірімділік пен ұқыптылық танытады.

Ересектердің көмегімен өсімдіктерді күтіп баптау бойынша қарапайым еңбек дағдыларын орындай алады.

Табиғатта өзін-өзі ұстаудың кейбір нормаларын меңгереді.

Қоршаған әлемнің алуан түрлілігін түсінеді. Өсімдіктердің белгілері мен жануарлардың тіршілік ету ортасын біледі.

5

Қарапайым математикалық ұғымдар

Әртүрлі көлемдегі және пішіндегі ойыншықтармен немесе заттармен ойнайды.

Ересектердің нұсқауларын түсінеді және айналасындағы кеңістіктен заттарды таба алады.

Кеңістікті бағдарлаудың бастапқы дағдыларын меңгереді.

Уақыт, кеңістік туралы қарапайым түсініктерін көрсете алады.

Уақыт туралы (тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, түн; күндер: бүгін, кеше, ертең), жылдам, баяу түсініктерін біледі.

Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамаларын, тура және кері реттегі сандық қатынасты біледі.

6

Ізденіс және экспери-менттік әрекет

Заттарды зерттеуге қызығушылық танытады, жаңа заттармен танысады немесе зерттейді. Заттарды көбінесе қолданылуына қарай емес, өлшемі бойынша салыстырады.

Әртүрлі пішіндегі ойықтарға (тесіктерге) сәйкес заттарды салуды біледі.

Әртүрлі заттармен әрекет жасай (ажырата, жалғай, құрастыра) алады.

Таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады.

Мақсатты түрде жаңа материалдармен эксперимент, үлгі жасай алады және заттар арасындағы жалпы белгілерді ажырата біледі.

Қарапайым себеп-салдарлық байланыс орната алады, ретімен және нәтижелі эксперимент жасай алады.

7

Ақпаратпен жұмыс

Айнадағы бейнесін бақылайды және қызығушылық танытады.

Ақпаратты сезім мүшелерінің (сезім, иіс сезу, жанасу түйсіктері арқылы) көмегімен алады .

Әртүрлі ақпарат көздеріне қызығушылық танытады.

Қызықты ақпаратты анықтайды.

Жаңа ақпарат алу қажеттігін түсінеді.

Жаңа ақпаратты қызығушылық танытқандарға қалай ұсынуды біледі және түсінеді.

Шығармашылық дағдылар

1

Музыкалық әрекет

Ересек адаммен көңілді ойын ойнағанда қуанады, дабылдың соғылғанын көргенде, заттың бетін ұрады.
Музыкалық құралдармен әрекет жасайды.

Әнді орындау барысында қарапайым қимылдармен би әуеніне көңілді сипат бере алады.

Музыкалық аспаптарды біледі, музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ересектермен бірге ән айтуға ықылас танытады.

Музыкалық шығарманың қарқынын, жоғары дыбыстарды ажыратады, әуеннің басы мен соңына назар аударады.

Дауыс тембрін ажыратады, әнді созып айтады, сөздерді анық айтады; би, музыкалық- ырғақты қимылдарды орындайды.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнаудың қарапайым дағдыларына ие, музыкалық дыбыстың, ұзақтығының, тембрінің негізгі қасиеттерін ажыратады. Әнді ойдан шығарып айту қабілетіне ие.

2

Өнімді әрекет

Ашық түсті заттарға, картиналарға, гүлдерге эмоционалды үн қатады (аузына салады, басын изейді, тоқылдатады, ұрады, лақтырады).

Қағаз бетін ашық дақтармен, жақпалармен толтырады (бояу, маркер, борлар, қарындаштар); дөңгелек, жалпақ пішіндерді мүсіндейді.

Мүсіндеу дағдыларын игерген (заттарды шұңқырлау, сәндеу).
Қағаз бетіне тік және жатық, ирек сызықтар сыза алады.

Бейнелеу әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игереді.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы ұғымдары бар (кескіндеме, мүсіндеу, халық өнері).

Бейненің сипатына тән бейнелеудің техникалық тәсілдері мен құралдарын өз бетінше таңдай алады.

3

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау

- -----

Бояудың ашық түстеріне назар аударады, оларға таң қалады, куанады.

Халық ойыншықтарын қарастыру кезінде эмоционалды түрде қуанышын көрсетеді.

Бейнелеу өнерінің түрлеріне қызығушылық танытады, материалдарды ұқыпты қолданады.

Геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін ырғақты орналастырады. Би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдайды, қоршаған әлемнің әсемдігін байқайды.

Сәндік өнерге, дизайнға қызығушылық білдіреді, жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді, жұмыста материалдарды тиімді қолданады, табиғаттың әсемдігіне, киімге және бөлменің жинақылығына эмоционалды түрде мән береді.

Әлеуметтік дағдылар

1

Мәдени мінез-құлық дағдылары

Сәлемдескенде, қоштасқанда жауап қайтарады.

Жай сөйлеммен айтылған өтінішті орындайды.

Мінез-құлық нормалары мен қағидаларын түсінеді, сәлемдесу, қоштасу, ризашылық сөздерін қолданады.

Адами қарым-қатынас туралы білімді меңгерген, эмоционалдық жай-күйді түсінеді.

Айналадағы және жақын адамдарға қамқорлық көрсетеді.

Қажетті жағдайларда көмек сұрай алады, басқа адамдардың тілектеріне құрметпен қарайды.

2

Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекет

Отбасы мүшелерін таниды. Ересектермен жағымды қарым-қатынаста бола отырып күледі, қол бұлғайды немесе күлімсірейді.
Қарым-қатынас жасауда ұнату, жақтырмау сезімін білдіреді.

Ойын-сауықтар мен әртүрлі ойындарда ересектермен әрекет етеді.
Ересектерді ынтамен тыңдайды және қарапайым тапсырмаларды орындайды.

Жақындарына, құрдастарына бауырмалдық, тілектестік сезім танытады.

Құрдастарымен тұрақты ойын топтарына қосылады және танымдық тақырыптарда ересектермен және құрдастарымен тілдесе алады.

Ересектермен бірге еңбек әрекеттерін орындайды. Құрдастарының арасында өзінің орнын, өзінің "Мен"-ін сезінеді.

Ересектермен және құрдастарымен бірге еңбек ете алады, ортақ мақсат қояды және оның нәтижесін талқылай алады.

3

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Алғашқы эмоцияларын білдіреді.
Көмек қажет болғанда дененің қозғалысын және дыбысты қолданады.

Айналасындағылармен қарым-қатынасты реттеу және өзінің қалауын білдіру үшін қажетті сөздерді қолданады.

Ненің "жақсы", ненің "жаман" екенін біледі және түсінеді.

Өзінің әрекеттерін, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалай алады.

Адамгершілік нормалары мен қоғамдағы мінез-құлық ережелерін сақтайды.

Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын сақтайды, жақсы істерге қуанады, рахаттанады, моральдік нормалар бұзылғанда уайымдайды.


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына
2-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет