Тақырыбы 15
|
Ғылыми стильдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері және қолданылуы
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға ғылыми стильдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерінүйрету; Оқушыларға сөздердің жасалу тәсілдері мен сөз таптары жайлы толық мәлімет беру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар ғылыми стильдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін үйренеді; Оқушылар сөздердің жасалу тәсілдері мен сөз таптары жайлы толық мәлімет алады.
|
Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер
|
Сөздік, сұрақ -жауап, көрнекілік, талдау.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Шешендік сөздер жинағы; сюжетті суреттер; сызбалар; кестелер, үлестірмелер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Сұраққа жауап беріңдер.
Болашақта қандай кәсіпті таңдар едіңіз?
|
Ойланады. Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. «Ғылыми стиль» тақырыбының мәтінін түсініп оқиды. Оқып болған соң, әр топ өз арасында талқылауға түсіреді, сосын ең жақсы түсінген, көшбасшылық танытқан бір оқушыны елшілік ретінде келесі топқа жібереді. Осылайша барлық топтар бір-біріне өкілдерін жібереді. Өкілдер барған топтарына оқығандарын түсіндіреді.
Өкілдер өз топтарына барып отырады, топ болып бірге тапсырмаларын постерге түсіреді, қорғайды.
Ғылыми стильді дұрыс пайдалану.
|
Оқиды. Талқылайды.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Ғылыми еңбек қорғау
Өз ғылыми еңбектерімізде ғылыми стильді қаншалықты дұрыс қолданып жүрміз сол туралы әңгіме болсын. Сұрақтан бастайын:
-Ғылыми стиль өмірдің қай саласында пайдаланылады?
Ғылыми стильді кімдер пайдаланады?
Ғылыми стильге ауызша түсінік беріп өту
|
Оқиды. Әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Ғылыми жоба тақырыбы: Сал серілер туралы
Мақсаты: сал-серілік дәстүрмен таныстыру
Сал-серілерде өнерпаздық, әншілік, шешендік сыпайылық, күйшілік, атбегілік, құсбегілік, т.б. көп қасиеттер бар екенін білу
|
Жазады. Оқиды.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Оқушылар дәлелдемелер келтіреді.
Мәтіндерді оқып, көркем әдебиет, ғылыми стиль екенін дәлелдейді.
Мәтіндердегі терминдерге қатысты сөздерді тауып мағынасын ажырату. Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Кестені толтырыңдар. Мәтіннен ғылымның әр саласына қатысты терминдерді анықтаңдар.
Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль айырмашылығын айту
|
Дәлелдейді.
Сөйлем құрастырады.
Кесте толтырады.
Салыстырады.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, тәуекелге барып, ойларыңды айтыңдар.
|
Ойды аяқтайды.
|
Бағалау
|
Зерттеген оқушылар данышпандардың өлшеусіз еңбектері туралы айтып, айтылған сөздердің құндылығын (өмір сүру ережесі) екенін айтады.
|
Данышпандардың өлшеусіз еңбектеріне баға береді.
|
Рефлексия
|
«Жетістіктер мен ұсыныстар» әдісімен оқушылардың пікірі тыңдалады.
|
Оқушылардың сабақты қалай меңгергендігі анықталады.
|