Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет25/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 19

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі ерекшелігі

Мақсаты:

Стиль түрлерінің ерекшеліктерін, бір-бірімен байланысын, жүйелілігін түсіндіру. Өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету. Халық даналығы арқылы білімділікке баулу.

Күтілетін нәтиже

Стиль түрлерінің ерекшеліктерін, бір-бірімен байланысын, жүйелілігін түсінеді. Өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйренеді. Халық даналығы арқылы білімдерін жетілдіреді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, семантикалық карта, ойын түрі, ой толғау, шығармашылық жұмыс.



Қолданылатын ресурстар

Ф АКТ, кәртішкелер, кестелер, сызба



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдасты
ру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі ерекшелігі туралы не айта аласыңдар?



Сұраққа жауап береді

Білу



1-тапсырма. Стильдердің ерекшелігі туралы тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды Сұрақтарға жауап береді

Түсіну

2-тапсырма. Стильдердің тілдік құралдары туралы оқып, бір-біріне айтып береді.

Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, әңгімелеп береді.

Қолдану

3-тапсырма. 1 минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде таңдаған тақырыпқа мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтып шығу керек.
1.Газет бетіне мақала жазады.
«Батыр таққа таласпайды, тақты қорғайды»

Мақал-мәтелдер айтады.
Мақала жазады.



Талдау

2.Сұхбат алуға сұрақ дайындайды.
«Мамандық таңдау - жауапты іс»
4-тапсырма. Берілген құжаттың атауын, қай стильге тән екенін айтыңдар.
Екі минуттың ішінде топпен бірлесіп әр стильдің түріне бір мысалдан құрастырып жазу керек.«Көркем айтылған ой - ұлы».
Оқушылар құрастырған мысалдарын бір - біріне жасырып оқиды. Яғни қай стильге тән екенін анықтау керек.

Сұхбатқа сұрақ дайындайды Айтады.

Мысал жазады.


Оқиды. Стилін анықтайды.

Жинақтау

5-тапсырма. Берілген сөйлем қай стильге тән, құрмалас сөйлемнің қай түрі? Сызбасын жазыңдар.
Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті. (бағ,бағ,бас,бас)
2.Тұрақты сөз тіркестері қай стильде кездеседі? Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш?
Қорытынды:
Тақырыпты семантикалық карта жүйесімен қорытындылау.
Бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
“Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы.......
Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді.....
“Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?
“Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады?

Стилін, құрмалас сөйлем түрін анықтайды.
Тұрақты тіркестер мағынасын түсіндіреді.
Семантикалық картаны толтырады.

Сұрақтарға жауап жазады.



Бағалау

Көркем сөйлей білу және сауатты жаза білу - мәдениеті адамдарға ең қажетті құндылық.

Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің адам өміріне пайдасын бағалайды.

Рефлексия

Не оңай болды? Не қиын болды?



Сабақта ненің оңай, ненің қиын болғаны туралы айтады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет