Тақырыбы 25
|
Тыңдалым. Пікірталас
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды мәтінді мұқият тыңдап, автордың көтеріп отырған мәселесін түсіне алуға үйрету; Мәтін мазмұнын көркем, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды, автордың көтеріп отырған мәселесін түсінеді; Мәтін мазмұнын көркем, жүйелі жеткізе білуге дағдыланады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Слайд, тақырыпқа сәйкес кітаптар, буклеттер, альбомдар, суреттер, интерактивті тақта.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
«Өзің білме, білгенді тыңдама» деген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді.
Мұқият тыңдау арқылы біз ...
|
Түсіндіреді.
Ойды жалғастырады.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мәтіннің мазмұны мен идеясына негізделген тест тапсырмаларын орындап, төрт нұсқаның ішінен 1 жауапты белгілеңіз.
|
Тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Тест тапсырмасын орындайды.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мазмұны бойынша бір-бірлеріне сұрақ қояды, жауап береді. Мәтін мазмұнын әңгімелеңдер.
|
Тыңдайды. Өзара сөйлеседі. Мазмұнын әңгімелейді
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Оқушылар өздерінің білетін әңгімелерін кезекпен айтады. Басқа оқушылар тыңдайды.
|
Әңгіме айтады.
Тыңдайды.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Тыңдаған мәтіндері туралы өз пікірлерін айту. Өзгелердің пікірлерін тыңдау. Пікірлерді салыстырады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіре аламын ...»
Үшінші сөйлем « Оны мынандай мысалдар келтіріп, дәлелдей аламын ....»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шығарамын ...»
|
Пікірлерін айтады.
Тыңдайды.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Өздерінің тыңдаған сүйікті әндерінің мазмұнын қара сөзбен жазу.
|
Тыңдаған әндерінің мазмұнын қара сөзбен жазады
|
Бағалау
|
Мұқият тыңдау арқылы біз ...
|
Ойларын айтады.
|
Рефлексия
|
Смайликтер
Барлығы түсінікті;
Жартылай түсінікті;
Түсінген жоқпын.
|
Оқушылар жартылай түсінгендерін, түсінбегендерін жазып, плакатқа жапсырады.
|