Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет33/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 27

Шығармашылық жазу жұмыстары (хат, күнделік және т.б.) жазба жұмыстары

Мақсаты:

Оқушылардың қабілетіне әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың қабілетіне әсер етіп,  шығармашылық жұмыстар жасайды.
Оқушылардың таным белсенділігі артып, логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, қос жазба күнделігі, ББҮ (білемін, білгім
келеді, үйрендім)

Қолданылатын ресурстар

Суреттер, газеттер, бүктемелер, ребустар, кеспелер, оқулықтар, слайдтар,
интерактивті тақта

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Хат, күнделік жаздыңдар ма? Не үшін жазу керек деп ойлайсыңдар?

Сұрақтарға жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Оқушылар хат, күнделік және т.б. жазба жұмыстар үлгісін оқиды.
Өздерінің айт мерекесін қалай қарсы алғандары, қалай өткізгендері туралы әңгімелейді.
Басқа қалада тұратын достарына айт мерекесін қалай өткізгендері туралы және басқа жаңалықтарды айтып хат жазады. Топта хаттарын оқып, ең үздік хатты сынып алдында оқиды.

Оқиды. Әңгімелейді. Жазады.

Түсіну

2-тапсырма. Ақын-жазушылардың жазған күнделіктері туралы мәтін оқиды. Күнделік жазудың пайдасын түсінеді.
Әр оқушы өздерінің естерінде қалған әр күнде не істегендері туралы жазады.Қазіргі уақытқа дейін жасаған істеріне есеп жазып, келер күнге жоспар құрады.

Оқиды. Жазады.

Қолдану

3-тапсырма. Жағдаят жазу.
Сынып оқушыларымен бірге театрға барып, қойылым көрдіңдер. Қойылым ұнады ма?(ұнамады ма?) Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз?

Жазады.

Талдау

4-тапсырма. Хатты оқып, талдау жасаңдар.
Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хатын оқиды.
Жұмыс барысы бойынша жазылған хат пен досына (туыстарына) жазған хатты салыстырады. Әр хаттың ерекшелігін айтады. Хат жазудың пайдасын айтып, мысал келтіріп дәлелдейді.

Талдайды.

Жинақтау

5-тапсырма. Ойды жалғастырыңдар.
Хат - ....
Күнделік - ...

Ойды жалғастырады.

Бағалау

Мен хат пен күнделікті үнемі жазатын болдым, себебі ...

Ойларын айтып, дәлелдейді.

Рефлексия

Сұрақ (Бүгінгі сабақ ұнады ма?)
Қосымша сұрақ (Бүгін не білдіңдер?)
Сенім білдіру (Халықтың салт-дәстүрін жалғастырушы сендерсіңдер деп сенемін).

Сабақтан алған әсерін айтады. Көңіл күй смайликтеріне стикерлерді орналастырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет