Тақырыбы 28
|
Мақал-мәтелдер, нақыл-өсиет сөздердің шындығы
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу; Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың мақал-мәтел туралы білім, білігі тереңдейді, салыстыра алады, ажырата алады. Оқушылардың логикалық ойлайды, ой дәлдігі дамиды, сөйлеу мәдениеті жетіледі, түрлі амал-тәсілдер арқылы ізденеді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Әңгімелеу, сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру, түсіндіру, ой қорғау, ассоциация, салыстыру, талдау.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Кесте,тірек сызба,суреттер. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «7777 мақал мен мәтелдер» кітаптары, үлестірмелі кеспелер, Абайдың нақыл сөздері
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Мақал-мәтел дегеніміз не?
|
Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мақал-мәтелдер тыңдайды. Мағынасын түсіндіреді. Мағынасына сәйкес ойларын айтады.
|
Мақал-мәтелдерді тыңдайды. Түсіндіреді. Сәйкестендіреді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. «Пікіріңді білдірсең ....»
Кесте толтырады
Мақал-мәтелдер
|
Абайдың сыны
|
Менің пікірім
|
Қалауын тапса, қар жанады
|
Адамнан сұрамай, еңбе
|
тену керек
|
Атың шықпаса, жер өрте
|
Жер өртеген не мұрат?
|
|
|
Пікірін білдіреді.
Кесте толтырады.
|
Қолдану
|
3-апсырма. Мәтелдерді теріп жазу ----------------- Мақалдарды теріп жазу
1) Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
2) Отан үшін отқа түс - күймейсің.
3) Еңкейгенге еңкей -
Басың жерге жеткенше,
Шалқайғанға шалқай -
Төбең көкке жеткенше.
4) Отбасы толған жансың,
Бір-біріңе мейман жансың.
5) Үлкенді сыйласаң - қадірлі боласың,
Кішіні сыйласаң - құрметті боласың.
6) Ағасы бардың - жағасы бар,
Інісі бардың - тынысы бар.
|
Жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1.Мақал деген не?
2.Мәтел деген не?
3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
4.Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата.
5.Мақал мен мәтелдің құрлымы жағынан айырмашылықтарын ата.?
|
Талдайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру.
Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып, баған түрінде жазу (Кестемен жұмыс).
Құрамында сан есім бар 10 мақал жазу.
|
Түсіндіреді.
Кестемен жұмыс жасайды.
Жазады.
|
Бағалау
|
Мақалдар мен мәтелдердің көркемдігін дәлелдеп анықтама жазыңдар.
|
Анықтама жазады.
|
Рефлексия
|
Не оңай болды? Не қиын болды?
|
Сабақта ненің оңай, ненің қиын болғаны туралы айтады.
|