Күтілетін нәтиже
|
Сөз қолдану мәдениеті туралы түсінеді; Өзіндік практикалық әрекет ортасына қалыптасып, сауатты жазуға бейімделеді, ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды;
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, лекция
|
Қолданылатын ресурстар
|
Сызбалар, кестелері, дидактикалық материалдар т.б.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Сөз қолдану мәдениеті дегеніміз ...
Жазу мәдениеті дегеніміз ...
|
Ойды жалғастырады.
|
Білу
|
1-тапсырма. Сөзді дұрыс қолдану мен жазу мәдениеті Грамматикалық, мағыналық интонациялық принцип тері туралы тыңдайды.
Бұл принциптардың неге баулитынын айтады.
|
Тыңдайды. Айтады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. 1. Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің бір бірімен байланысы, туыстық қарым-қатынасы қандай, оны қандай мысалдармен дәлелдеп айтуга болады?
«Ақылдың көзі - аталы сөз»
«Тіл - ақылдың өлшемі» мағынасын түсіндір.
Оқыған мәтіндеріңдегі басты мәселелерді өмірмен байланыстырып өз ойларыңды еркін айтыңдар.
|
Сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Мәселені айтады.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөзіне қарап кісіні ал», «Сөз өнері - дертпен тең» деген қанатты сөздерді тақырып етіп, мақала немесе шығарма жазыңдар.
|
Шығарма жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма: Төмендегі сөздердің мағынасын мақал-мәтелдермен жеткізіп, алмастырып көріңдер.
Жоқшылық, кедейлік - «Қысқа жіп күрмеуге келмейді», «Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды», «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтып».
|
Сөздерді мақал-мәтелмен айтады.
|
Жинақтау
|
Сөз ... жоспарын құрастырыңдар. Топта талқылаңдар.
|
Жоспар құрастырады. Талқылайды.
|
Бағалау
|
Сөз ... картасын құрастырып, қажетті кездерде пайдаланамын. Менің ойымша ...
|
Карта құрастырады. Пайдаланып, сөйлемдер құрастырады.
|
Рефлексия
|
Стикерге жазыңдар.
Не оңай болды?
Не қиын болды?
Не білгіңіз келді?
|
Не қиын болғанын, нені білгісі келетіндерін стикерге жазып, плакатқа жапсырады.
|