Тақырыбы 33
|
Орфография, орфоэпия. Сөзді дұрыс айту,дұрыс жаза білу жолдары
|
Мақсаты:
|
Орфография,орфоэпия туралы түсінігін кеңейту; Сөзді дұрыс айту, дұрыс жаза білу жолдарын меңгерту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Орфография,орфоэпия туралы түсінігі кеңейеді; Сөзді дұрыс айту, дұрыс жаза білу жолдарын меңгереді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, шығармашылық іздену
|
Қолданылатын ресурстар
|
Семантикалық карта, қосымша материалдар
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Орфография дегеніміз ...
Орфоэпия дегеніміз ....
.
|
Ойды жалғастырып айтады.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдайды. Сұрақ қояды, жауап береді.
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.
«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз.
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуы керек.
|
Тыңдайды. Сұрақ қояды. Жауап береді.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру
|
Жазады.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Мына сөздердің айтылуын жаз. Сөйлемдер құрастыр.
Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.
|
Жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.
Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл
|
Сөздердің айтылуын жазады.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
|
Өлеңді орфоэпиялық нормамен жазады.
|
Бағалау
|
Сөзді дәл қолданған мынадай мәселелерді шешеді: біріншіден ..., екіншіден ... және т.б.
|
Ойларын айтады.
|
Рефлексия
|
2 жұлдыз, бір тілек
Екі жұлдыз – екі ұнаған нәрсе;
Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
|
Ұнаған нәрселері мен тілектерін ауызша айтады.
|