Тақырыбы 34
|
Практикалық жұмыс. Тест. Қайталау
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу- танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдері жетіледі. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақтарға жауап береді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, ой қозғау, жұппен жұмыс
|
Қолданылатын ресурстар
|
Әдістеме,оқулық, карточка, суреттер топтамасы
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Ауызша, жазбаша сөйлеу тілі дегеніміз не?
|
Сұраққа жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Сұраққа жауап беру. Сурет бойынша ойларын айту.
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
|
Сұраққа жауап береді.
Суретке қарайды. Ойланады. Сурет бойынша ойларын ортаға салады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Суретке қарай отырып, анықтамасымен, негізгі ойларымен, қорытынды жасап, мағынасы терең сөздермен, түсінікті тілде, бірізді мәтін жоспарын құрастырып, әңгімелеп айтыңдар.
|
Жоспар құрастырады.
Әңгімелейді.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Ситуациялық жағдаяттар:
Түрлі әдіс-тәсілдермен ситуациялық жағдаяттардан қалай шығатындарыңды айтып, дәлелдеме келтіріңдер.
|
Ситуациялық жағдаяттарды орындайды
|
Талдау
|
4-тапсырма. 2 топ өз тақырыптары бойынша тапсырмалар орындайды
І топ. Тіл білімі дегеніміз ... Мысалы ...
ІІ топ. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз... Мысалы ...
Тілді білетін және білмейтін адамды салыстырады, тіл білудегі мүмкіншіліктерді айтыңдар.
Сөйлеу мәдениеті жоғары және төмен адамды салыстырып, сөйлеу мәдениеті жоғары адамның мүмкіншілігін айтады.
Тіл білу мен сөйлеу мәдениетін меңгеруде қандай әрекеттер (сөз жаттау, мәтін тыңдау, есте сақтау, сөйлеу және т.б.) жасау керектігін айтыңдар, зерттеңдер, дәлелдеңдер.
|
Анықтама береді.
Тапсырмалар орындайды.
Салыстырады.
Зерттейді. Дәлелдейді.
|
Жинақтау
|
Тақырыпты талқылау үшін жоспар құрастырып, кездесу ұйымдастырыңдар.
|
Жоспар құрастырады.
Кездесу ұйымдастырады.
|
Бағалау
|
Тақырып туралы ..., ...., түсіндіре аламын ...
|
Түсіндіреді
|
Рефлексия
|
«Сэндвич»
Не ұнады;
Не нәрсені жақсарту керек;
Маған ұнады, бірақ келесі жолы ...
|
Стикерді толтырып, плакатқа жапсырады.
|