Тақырыбы 6
|
Жоспарды алдын ала құрастыру
|
Мақсаты:
|
Болатын пікірталасты алдын ала жоспарлауды үйрену. Алған білім, білік дағдыларын іс- жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Болатын пікірталасты жоспарлай алады. Алған білім, білік дағдыларын іс- жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана біледі.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап,түсіндіру,пікірталас
|
Қолданылатын ресурстар
|
Ф Тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. кітаптар, газет-журналдар
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту
|
Оқушыларға «Күз» тақырыбын айтып, жоспар құруын сұраймын.
Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді беріп, жоспар құруларын сұраймын.
|
Ойланады. Жоспар құрастырады.
|
Білу
|
Мәтінге жоспар құру туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-тапсырма. «Күз» туралы мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру. Мәтіндегі негізгі ойларды айту. Мәтіндегі негізгі ойлар немесе тірек сөздер мәтін жоспары бола алады.
|
Мұқият тыңдайды. Мазмұнын айтады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Жоспар құрыңдар.
Неге жоспар құрастыра білу керек?(мәтін мазмұнын түсініп, айта білу үшін және т.б.)
Жоспарды қалай дұрыс құрастыруға болады.
3-тапсырма. Тірек сөздерге қарап, мәтін не туралы екенін айтыңдар. (Бұлт, жерді, ...)
|
Оқиды. Тапсырма орындады.
|
Қолдану
|
4-тапсырма. Абайдың «Күз» өлеңіне жоспар құрастыру
Өлеңді бөліктерге бөліңдер, ат қойыңдар.
Неше бөлікке бөлдіңдер? (бұл бөлікке қандай сурет салар едіңдер?)
Негізгі ой қай бөлікте берілген?
Негізгі ой қандай?
Өлеңге неге жоспар құрастырыңдар? Өлең мазмұнына сурет салыңдар. Жоспар мен суретті өлең мазмұнын айтқанда қолдануға болады.
|
Жоспар құрастырады.
Өлең мазмұнын айтады.
|
Талдау
|
5-тапсырма. Абайдың өмір жолына, оның «Күз» өлеңіне, сол кездегі қоғам сипатына талдау жасаңдар.
Сипатта, салыстыр, ерекшелігі қандай, ассоциацияны жаз, ойыңды мысал келтіріп дәлелде, Қоғамдағы адамдар адамгершілігі жоғары болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Өз ұсыныстарыңды айтыңдар.
|
Талдайды
|
Жинақтау
|
6-тапсырма. Төмендегі өлең негізінде мәтін құраңдар.
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең де тағы да біл,
Жетерсің біле, біле мақсатыңа!
Ж.Баласағұн.
|
Мәтін құрастырады.
|
Бағалау
|
Мен оқушыларға сөз мағынасына терең үңіліңдер деп ұсыныс айтар едім.
|
Сөз мағынасын білу қажеттілігін айтып, өз ұсыныстарын жасайды.
|
Рефлексия
|
«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасаңдар.
|
«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасайды.
|