Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет49/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 7

Бақылау жұмысы. Өткенді қайталау

Мақсаты:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну

Күтілетін нәтиже

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Қолданыла_тын_әдіс-тәсілдер'>Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, «Пікірлер» парағы әдісі

Қолданыла
тын ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және стикер, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Мәтін жоспары дегеніміз не?
Жоспарды неге құрастыру керек?
Жоспарыды қалай құрастыру керек?
Сөйлемдегі сөздер қалай байланысып тұрады? Олардың байланысын қалай білеміз?

Ойланады. Сұрақтарға жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Берілген мәтіндерді балалар оқиды.
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Оқиды. Жазады. Қорғайды.

Түсіну

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұраққа жауап береді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегеніміз не?
Мәдениетті адам қандай адам?
Тіл мәдениеті, оның адам бойындағы мәдениеттілікті қалыптастырудағы орны қалай деп түсінесіз?

Мәтінді оқып алады.
Сұрақтарға жауап береді.



Қолдану

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу
Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?
Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ?ерекшеліктерін айтыңыз.
Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?
Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?

Жазады.

Талдау

4-тапсырма. ВЕН ДИАГРАММАСЫ. Ауызекі және жазбаша сөйлеуді салыстырыңдар.
«Ауызша тіл»деген сөзді қалай түсіненсіңдер?
Жазбашы тіл мен ауызша тілдің өзіндік ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
Әр түрлі оқулықтардағы мәтіндерді әдеби тілдің қай түріне жатқызамыз?
5-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тапсырмалар орындайды.

Салыстырады.

Сұрақтарға жауап береді.


Мәтінді тыңдайды. Тапсырмалар орындайды.

Жинақтау

6-тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы терминді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.
Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін тауып қойыңдар.
Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.
Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шығарма жазыңдар.

Тапсырмалар орындайды.

Бағалау

Сөз мағынасын білген адам - түсінген адам. Мен оқушыларға сөз мағынасына терең үңіліңдер деп ұсыныс айтар едім.

Сөз мағынасын білу қажеттілігін айтып, өз ұсыныстарын жасайды.

Рефлексия

«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасаңдар.

«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет