Тақырыбы 10
|
Жазба мәтіні мен абзацтың мазмұнды бөлімі
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды мәтінге талдау жасап, негізгі құрылыммен жазба жұмыс түрлерін жазға үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар өз ойларын жазба жұмыстарының талаптарына сай орындай алады. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.
|
Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет
|
Қолданыла
тын ресурстар
|
АКТ, кәртішкелер, сызбалар
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
Жазбаша сөйлеу тілі дегеніміз не?
Жазбаша сөйлеу тілінің құрылымы, талабы қандай болады?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, түрін, стилін ажыратады. Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер құрастырады. Өзара сөйлеседі. Тест тапсырмасын орындайды.
|
Оқиды. Сұрақтарға жауап береді.Түсіндіреді
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннің әр абзацына сурет салады және сол абзацтағы тірек ойды жазады.
|
Оқиды. Жазады.
|
Қолдану
|
3-тапсырма. Өзекті мәселе бойынша бір тақырыпқа әңгіме құрастыр. Мысал келтіріп, ойыңды дәлелдеп отыр. Бір жазылған ойды қайталай берм. Құрмалас сөйлемдер мен жай сөйлемдерді аралас жаз. Абзацтардың көлемі шағын, логикалық бірізді болсын.
|
Әңгіме жазады.
|
Талдау
|
4-тапсырма. Анықтама жаз.
Көркемдегіш құралдар дегеніміз ...
Көркемдегіш құралдарды ақын-жазушылар өз шығармаларында .... пайдаланады, себебі ...
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті көркемдегіш құралдарын қойып жазыңдар.
|
Көркемдегіш құралдарға анықтама береді. Көркем шығармаларда ақын-жазушылардың көркемдегіш құралдарды пайдаланатынын айтады.
Тапсырманы жазады, оқиды.
|
Жинақтау
|
5-тапсырма. Шешендік сөздің көріктеуіш құралдарын қолдана отырып, бір өзекті тақырыпты таңдап, ойтолғау жазыңдар.
|
Ойтолғауды топта оқып, Өте жақсы жазылған ойтолғауды сыныпта оқиды. Оқушылар тыңдап, өз пікірлерін айтады.
|
Бағалау
|
Өзің әңгіме айтқанда немесе жазғанда көркемдегіш құралдарды қолданар ма едің? Неге? Себебін айт.
|
Өздерінің көркемдегіш құралдарды не себепті қолданатындарын айтады.
|
Рефлексия
|
«Сэндвич»
Не ұнады;
Не нәрсені жақсарту керек;
Маған ұнады, бірақ келесі жолы ...
|
Стикерді толтырып, плакатқа жапсырады.
|