Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет53/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 11

Ауызша сөйлеу тілінің мағыналы бөлімі

Мақсаты:

Оқушыларды мәтіндегі сөздердің мағынасын, сөйлемдердің мағыналы бөлімін түсіне білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мәтіндегі сөздердің мағынасын, сөйлемдердің мағыналы бөлімін түсінеді.

Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б

Қолданыла
тын ресурстар

Сызбалар, кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

1-тапсырма. Адасқан сөйлемдер. Оқушылар сөйлемдермен мәтін құрастырып, дұрыстығын дәлелдейді.
«Сенемін, сенбеймін»
Мәтін – бұл жазбаша сөйлеу тілі
Мәтін – тақырыбы бір, бірнеше сөйлем.
Мәтін – бұл ауызша және жазбаша сөйлеу тілі
Мәтін - бұл монолог, диалог
Мәтіннің тақырыбы болу керек
Мәтін мазмұны тақырыбымен байланысты
Мәтін бейнелеу, хабарлаау, әңгімелеу.
Мәтін сөздердің орын тәртібіне сай орналасуы.
Жауаптарын слайдтан тексереді.

Мәтін құрастырады.
Сөйлемдердің дұрыстығына сенетінін, сенбейтінін айтады.
Тексереді.

Білу



2-тапсырма. Сөздердің анықтамасын жазады. Мәтін – ...
Тақырып - ...
Тақырыпша - ...
Абзац - ...
Мағына құрылымы - ...
3-тапсырма. Жазады:
Басқа біреудің айтқанымен жүрмеймін, өзімнің ойлағаныммен жүремін деген жастардың сөзін жие естиміз. Ойлап шығарылғанды неге жастар тағы ойлаулары керек? Дайынды алып, оны одан әрі дамыту керек. Адамдардың мықтылығы осында.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Бұл мәтін бе? Тақырыбын қойыңдар. Мәтіннің мағыналық құрылымын анықтаңдар. Мәтінді абзацқа бөліңдер. Мәтінді не байланыстырып тұр?
4-тапсырма. Араласқан сөйлемдерден мәтін құрастыр (дұрыс жауабы слайдта).
Сөйлемдердің бірізді болу керектігіне көзімізді жеткіздік. 1-сөйлемдегі мағынаны 2- сөйлем жалғастырады.

Анықтама жазады.

Жазады.
Сұрақтарға жауап береді.


Адасқан сөйлемдерден мәтін құрастырады. Тексереді.

Түсіну

5-тапсырма. Мәтіндегі мағыналы бөлім қалай жазылған?
Негізгі сөздердің қайталануы
Негізгі сөздердің орнына синонимдерінің жазылуы
Негізгі сөздердің орнына есімдіктердің жазылуы
Семантикалық, ассоциациялық байланыс
Орын тәртібі бірдей сөйлемдер салыстырылады
Синтаксистік конструкциялары бірдей

Сұраққа жауап береді.



Қолдану

6-тапсырма. «Мәтін – мозайка»
Оқушылар 1 сөйлемнен алады.
Оқушылар өз сөйлемдерін оқи отырып, жүйелілікті сақтап, мәтін құрастыру керек.
Мәтінде өз орныңды табу үшін не қиын болды?
Мәтінді слайдтағы жауаппен тексереді.

Мәтін құрастырады.



Талдау

«Мәтін – мозайканың» жалпы тақырыбын атаңдар. Тақырыпшаларды атаңдар.
Мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланысын, жүйелілігін талдап түсіндіріңдер.

Тақырыпты атайды. Талдайды.

Жинақтау

Әр топ оқушылары мәтінімен кәртішке алып, өз беттерімен талдап, жұмыстарын қорғайды.

Оқиды. Талдайды. Қорғайды.

Бағалау

Сөзімді көркем, ойымды орамды жеткіземін, себебі ...

Ойды жалғастырып айтады.

Рефлексия

Не оңай болды? Не қиын болды?



Сабақта ненің оңай, ненің қиын болғаны туралы айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет