Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет57/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 15

Тілдік норма мен оның сипаттары

Мақсаты:

Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Өз бетімен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктері қалыптасады. Өз бетімен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа дағдыланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, пікіралмасу; көркем шығарма талдау, әңгіме жүргізу т.б.

Қолданылатын ресурстар

оқулық, тапсырмалармен жұмыс.



Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылық
ты ояту

Қоғам дамыған сайын тіл де дами береді. Бірақ ескіні бірден алыстата алмайсың. Ескі мен жаңа бірлесе ілесіп жүреді.

Тыңдайды.

Білу



  • 1-тапсырма. Мәтінді тыңдайды. Мазмұнын әңгімелейді. Тест тапсырмасын орындайды.

Тыңдайды. Түсінгендірін айтады. Тест тапсырмасын орындайды..

Түсіну

1. Фразеологиялық тіркестерді оқып, синонимін табу.
2. «Құр» сөзінің омонимдік қатарын құрып, кестені толтыру.

Оқиды. Фразеологиялық тіркестердің синонимін табады. Кесте толтырады.



Қолдану

3. «Той» сөзін қатыстырып, мақал-мәтел жазып кестені толтыру:
Батыл жігіт қол бастар, Ақын жігіт той бастар;
Тойдың болғанынан боладысы қызық;
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
4. Кесте ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып фразеологиялық тізбек құраңыз.

Қас

ашып

Арқасы пен

пен

Жұмғанша

Қас

Арасында қағымда

қағымда

Қабақтың


Қас көзді

көзді

көздің

қаққанша

Қиянда ит

Ит




Жазады. Кесте толтырады.

Фразеологиялық тізбек құрады.



Талдау

Төменде берілген тіркестерге мағыналық талдау жасаңыздар, тілдік нормаға сәйкес келетінін, келмейтінін ажыратыңыз.








































Талдайды.

Жинақтау

Тіркестердің баламасын табу.

Тіркестердің баламасын табады.

Бағалау

Мен тілдік норманы дұрыс қолданатынымды дәлелдегім келеді.

Дәлелдейді.

Рефлексия

Бағдаршам
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.

Оқушылар түсінбеген жерлерін, сұрақтарын қойып, плакатқа жапсырады.



Тақырыбы 16

Нормативті сөздіктер мен анықтамалар

Мақсаты:

Оқушыларды түрлі сөздіктер мен анықтамалармен таныстыру. Оқу барысында сөздікпен жұмыс істеп, анықтамалар жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар түрлі сөздіктер мен анықтамалармен танысады. Оқу барысында сөздікпен жұмыс істеп, анықтамалар жазуға үйренеді.

Қолданыла_тын_әдіс-тәсілдер'>Қолданыла
тын әдіс-тәсілдер

«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі, талдау, ой қозғау, сұрақ-жауап



Қолданыла
тын ресурстар

Слайд, маркерлер, интерактивті тақта, стикерлер, смайликтер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Қандай сөздік түрлерін білесіңдер? Сөздіктер неге керек?
Анықтамалар не үшін керек?

Сұрақтарға жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тест тапсырмасын орындаңдар.
Түсіндірме сөздік, синоним, антоним, омоним, фразеологиялық сөздіктер, диалект, этимологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық, қос тілді (орысша-қазақша және т.б.) сөздіктер. Сөздіктер жан-жақты болуға, сөздік қорды байытуға және қате жібермеуге көмектеседі.

Тыңдайды. Тест тапсырмасын орындайды.

Түсіну

2-тапсырма. Сөздерді алфавиттік ретпен орналастырып, мағынасын түсіндіріңдер.
3-тапсырма. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді теріп жазып, сөздіктен қарап мағынасын түсіндіріңдер, сол сөзбен әңгіме айтыңдар.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, қате жазылған сөздерді табыңдар. Қате сөздің дұрыс жазылуын қай сөздіктен қарайсыңдар? Сөздің дұрыстығын дәлелдеңдер.
5-тапсырма. Синоним сөздермен әңгіме құрастырыңдар.

Сөздерді ретімен орналастырады. Мағынасын түсіндіреді.
Әңгіме құрастырады.

Қолдану

6-тапсырма. Фразеологизм сөздердің мағынасын сөздіктен қарап түсіндіріңдер. Сол сөздермен мәтін құрастырыңдар.

Оқиды.

Талдау

7-тапсырма. Кәртішкемен жұмыс.
Сөздік түрлеріне анықтама беріңдер.
Мына сөздердің дексикалық мағынасын түсіндіріңдер.Түсіндірме сөздіктен бірнеше омоним сөздерді жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
Мына сөздердің синонимін жазыңдар.
Екі түрлі сөздікті салыстырыңдар.

Сөздер мен сөйлемдерді талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау

Сөздік дегеніміз ...
Анықтама дегеніміз ...

Анықтама жазады. Оқиды.

Бағалау

Ортада құрметті болу үшін мәдениетті, мақал-мәтелмен сөйлеп, сауатты жазып үйреніп жүрмін. Себебі ...

Ойын айтады. Түсіндіреді.

Рефлексия

Оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша пікірлері сұралады.

Пікірлерін айтады.




Тақырыбы 17

Тілдік жағдаяттың ерекшелігіне қарай сөйлеу тілін пайдалану

Мақсаты:

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас туралы жан-жақты мәлімет бере отырып, тілдің жағдаяты сипаты туралы баяндау,әдептілік ерекшелігіне қарай «сен» мен «сіз» деген ұғымды түсіндіру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет